Тұздардың жіктелуі мен алынуы. Химиялық қасиеттері мен қолданылуы.

0
2076
литература

Сыныбы: 8 сынып

Күні:

Сабақ тақырыбы: Тұздардың жіктелуі мен алынуы. Химиялық қасиеттері мен қолданылуы.

Оқыту мақсаты: Тұздар жайлы алған білімдерін одан әрі қарай дамытып,олардың аталуы мен жіктелуін, суда еритін,ерімейтін тұздар жайлы толық мағлұмат алуды іске асырады. Тұздардың формуласын, реакция теңдеулерін жазу дағдысын түсіндіру.

Реактивтер мен құралдар: CaCI2,Na2CO3,H2SO4,BaCI2,Ca(OH)2,AgNO3.CuSO4, NaOH, Zn, Cu,Hg(NO3)2,т.б,шыны түтік,сынауықтар,сынауық қысқыш,спирт шам,сіріңке.

Көрнекі тәжірибелер: Тұздардың алынуы,химиялық қасиеттері.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру : Оқушылардың бұрын алған білімін ескере отырып, төменде көрсетілген қысқа мерзімдік өзіндік жұмысты орындауды ұсынамын:

4-119. Төменде формулалары берілген қосылыстардың ішінен тұздарды теріп жазыңдар: Fe2O3,Na2SO4,LiOH,KCI,H2CO3,KCIO3,Cu(OH)2,MgCI2,FeS,P2O5,KMnO4.

4-120. Төменде кейбір тұздардың тұрмыста, медицинада,ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте жиі қолданылатын жабайы атаулары берілген:ас тұзыNaCI,ас содасы NaHCO3 бор, мрамор, әктас CaCO3, мүсәтір NH4CI, ляпис AgNO3, сыр HgS, магнезит MgCO3, магнезия MgSO4, фосфорит Ca3(PO4)2, сақар K2CO3. Осы тұздарды халықаралық атаулар жүйесі бойынша атаңдар.

4-139. Мына тұздардың: кальций карбонаты,мыс(ІІ) сульфаты, сынап(ІІ) фториді, калий сульфиді, қорғасын(ІІ)иодиді, темір(ІІІ)хлориді формулаларын жаз. Ерігіштік кестесін пайдаланып,бұл тұздардың суда ерігіштігін анықта.

Жаңа сабақ: Оқушылардың тақтада жауаптарын талдаймыз,содан кейін тақырыпты жазып, тұздардың жіктелуі мен алынуы және химиялық қасиеттері мен қолданылуы

туралы әңгімелеу. Химиялық қасиеттеріне байланысты көрнекі тәжірибелерді көрсету.

Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушыларға есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар беріледі соңынан сұрақтар қойылады:

4-121. Формулалары келтірілген тұздарды: NaNO2,K2S,KHS,CuSO4,Na2HPO4,NaH2PO4, K3PO4,MgOHCI,CaCO3,NaHCO3,AI(OH)CI2,AgNO3,FeCI3,FeSO4 берілген кестеге бөліп жаз:

Орта тұз

Қышқыл тұз

Негіздік тұз

4-128. Нәтижесінде мына тұздар: а)калий хлориді; ә)кальций нитраты түзілетін бейтараптану реакцияларының теңдеулерін жаз.

4-138. Мына тұздардың: темір(ІІ)сульфаты,мырыш нитраты,алюминий фосфаты, күміс хлориді,барий сульфаты формулаларын жаз. Ерігіштік кестесін пайдаланып,бұл тұздардың суда ерігіштігін анықта.

4-144. Келтірілген сызба нұсқалардың ішінен жүзеге асатын реакциялардың теңдеулерін жазыңдар:

1) ZnSO4 + Pb →

2) BaCI2 + Na2SO4

3) CuSO4 + NaOH →

4) Na2SO4 + HCI →

Уақыт жеткен жағдайда оқулықтан 131 беттегі 8 жаттығуларды орындау:

а) C CO2 Na2CO3 CO2 CaCO3

ә) С u → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → Cu

Оқытудың жоспарланған нәтижесі : Оқушылар ерігіштік кестесін пайдаланып, суда еритін тұздардың формуласын құрастырып, металл атомының валенттігі мен қышқыл қалдығының валенттігі арқылы тұздарды жіктей отырып, аттарын атауды үйрену.

Үйге тапсырма: §48(1-7). Жұмыс дәптері.

химия