Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері.

0
1631
карта мира

Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды судың сапалық, сандық құрамын анықтау әдістерімен, судың химиялық қасиетін қарастыра отырып, бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы – негіздермен таныстыру. Кластар арасындағы байланыстарды мысалдармен көрсету, негіздердің, қышқылдық және негіздік оксидтердің құрамын салыстыра отырып, негізге ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Жаңа –гидроксид тобы, гидроксид ұғымдарын қалыптастыру.

Құрал –жабдықтар: Темір қасық, банкі, қызыл фосфор, лакумус, сіндірілмеген әк.

Тірек білім мен біліктер: Зат массасының сақталуы заңы, қосылуы және айырылу реакциялары, судың сапалық құрамы, электр тогы әсерінен судың айырылуы, сутегі алу әдістері, валенттік.

Оқушыларға судың сапалық құрамын білетінін ескере отырып, оны еске түсіру мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады.

Сутегін судан алу әдістерін және олардың реакция теңдеулерін жаз.

Нәтижесінде су түзілетін реакция теңдеулерін жазып, қай типке жататынын ата.

Реакция теңдеулерін жазғаннан кейін судың құрамында сутегі және оттегі элементтері бар екендігіне, су осы жай заттардың қосылуы нәтижесінде түзілетіндігіне оқушылардың назарын аудара отырып, осы заттар қандай көлемдік қатынаста болатынын қарастыру қажет.

Судың химиялық қасиетін қарастырғанда оның металмен әрекетесуіне тоқталып, кальций мен судың арасында жүретін реакция көрсетіледі. Кальций мен судың реакцияласу теңдеуін жазғанда оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы –негіздермен және оның құрамына кіріп, сол класты анықтайтын гидроксотопты (ОН) таныстыруға ерекше көңіл бөледі. Негіздің құрамына кіретін топтың саны металл атомынын валенттілігіне байланысты болатынын ескертіліп, жалпы [Me(OH)n] формуласын ұсынады. Мұндағы–металл атомының валенттілігіне сәкес келетін гидроксид тобының саны. Судың металдармен әрекетесу реакциясынын мәнін түсіндіргеннен кейін оның теңдеуін жаза білуге жаттықтыру үшін төмендегі тапсырманы ұсынған жөн.

Мына заттар әрекеттескенде түзілетін реакция өнімдерін жазып, атын атаңдар: а) натрий мен су; ә) барий мен су; б) кальций мен су; в) калий мен су; г) литий мен су; д) стронций мен су.

оксидтер дегеніміз не?

олардың құрамына қандай заттар кіреді?, т.б. сұрақтар беріледі. Оксидтерге мысалдар келтіріледі. Бұл берілген жауапты төмендегі кестеге жазыңдар.

Металдар оксидтері

Бейметалдар окидтері

Бұдан кейін фосфор мен кальций оксидтерінің сумен әрекеттесуі көрсетіледі. Ол үшін фосфор (V) оксидін алу үшін қызыл фосфор жағылады да, оған су құйылады. Фосфор оксиді бейметалл оксиді екеніне осы жерде көңіл аударылады. Алынған ерітіндінің ортасын анықтау үшін оқушыларға таныс күлгін лакумус ерітіндісінен ерітіндінің түсіне қарап, оқушылардан қандай зат алынған сұралады, яғни бейметалл фосфор (V) оксиді сумен әрекеттескенде қышқыл түзілетіндігі қорытылады. Реакция теңдеуді белгіленген кестені оқушылар бейметалл оксидтері мен судың арасында жүретін реакция теңдеуін жазады:

а) SO2+H2O= ә) CO2+H2O= б) N2O5+H2O=

Реакция теңдеулерін дұрыс жаза білу үшін оқушыларға мынадай нұсқаулар беріледі. Бейметалл оксидтері суме әрекеттескенде қышқыл түзіледі. Оның формуласын құрастыру үшін, ойша су мен оксидтің құрамына кіретін әрбір элементтердің атом сандары қосылады. Егер элементтердің алынған атом сандарын қысқартуға болатын болса қысқартып, одан алынған сан формуланың алдына коэфицент ретінде қойылады. Қышқылдың құрамына кіретін сутегі атомы формуланы жазғанда бірінші орында, оттегі атомы – үшінші орынды тұрады.

Мәселен: Р2О52О=Н2Р2О6=2НРО3

Жаттығу жұмыстарын жүргізіп болған соң металл оксидтерінің сумен әрекеттесілуі көрсетіледі. Бұл тәжірибе оқушыларға күнделікті тұрмыстан таныс. Сөндірілмеген әкті алып, су құйғанда, ол “қайнайды”. Бұл кезде температураның жоғарылауынан судың тең жартысы буға айналады. Сондықтан әкке су құйғанда оның шашырауы, буының ыстығы шала күйдіруі мүмкін екендігі ескеріледі.

Металл оксидтері сумен әрекеттескенде гидроксид түзілетіндігі айтылып, кестенің сол жақ бөлігіне реакция теңдеуі жазылады: СаО+ Н2О→ Са(ОН)2

Бұдан соң мыс, мырыш, темір оксидтерінің сумен әрекеттеспейтіндігі көрсетіледі.

Оқушылар су өте тұрақты қосылыс болғандықтан, сутегінің бөлінуі белгілі жағдайда жүзеге асатынын қорытындылайды:

электр әсерінен (2H2O=2H2↑ +O2);

актив металдармен әрекеттескенде (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑);

3) активтігі нашар металдармен қыздырғанда 3Ғе +4Н2О= Ғе3О4+4Н2

4) егер стронцийді суға салса оның бетінде газ көпіршіктері пайда болып, жоғары көтеріле бастайды. Егер цилиндрдің жақтауына жанған шырпыны жақындатса ол газдың тұтануы байқалады. Қай газ бөлінеді? Ерітіндіде қандай жаңа зат түзіледі? Химиялық реакцияның теңдеуін құрастырыңдар. Металл оксидтерінің сумен әрекеттесуі мысалына мындай тапсырма ұсынылады. Төмендегі теңдеуін аяқтап, түзілген заттардың атын ата және жоғарыда берілген кестенің бөлігін жаз. 1.Na2O+H2O= 2.K2O+H2O=

3.BaO+H2O= 4.MgO+H2O=

Металл және бейметалл оксидтерінің сумен өзара әрекеттесетінін анықтауда “ерігіштігі” кестесін пайдалану тиімді екенін ескере отырып, оқушыларға онымен жұмыс істеуді ұсынған жөн. Ол үшін кестеден суда еритін негіздер мен қышқылдардың үш –төртеуін мысалға алып, оларға сәкес оксидтердің формуласын жазу немесе қышқыл мен негіздің сәйкес оксидтерден түзілуінің реакциясын жазу тапсырылады

Үйге тапсырма беру: §40,41,42. 107б – 4,5жаттығу,109б – 3жаттығу,

химия