Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Салауатты өмір салты»
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып,
сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сауатты жазу, өз ойын жүйелі жеткізу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тыныс белгілердің қойылу ережелерін пысықтау, салауатты өмір салты туралы білетін мәліметтерін сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қиын сөздер: жүгіру, құнарлы,т.б.
Шығарма
Салауатты өмір салты
Қамтылуға тиіс тақырыптар:
1. Салауатты өмір салты не үшін керек?
2. Салауатты өмір салтын қалай сақтау керек?
3. Салауатты өмір салтын сақтайсыз ба?
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
Өткенді қайталау
VІ. Бағалау бөлімі
Шығарма жұмысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау