Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов поэзиясы (1818 – 1854)

0
783
метод печати

Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов поэзиясы. (1818 – 1854)

Сабақтың мақсаты :

1. Білімділік : Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету, серілерге тән ортақ қасиетті танып- білу, Сегіз серінің өзіне ғана тән қасиеттерін ерекшелеу, ажырату. Өңдерімен және оған шығарылған әндерімен таныстыру.

2. Дамытушылық : Өз беттерімен ойланту, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету. Сегіз сері поэзиясының кейбіреуінің халықтық шығармаға айналғанын дәлелдеу.

3. Тәрбиелік . Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.

Сабақтың түрі : Зерттеу сабағы

Сабақтың әдісі : Қ.О. Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс, зерттеу)

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка, қазақ тілі

ІІІ. Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.

2. Жаңа сабақ Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов поэзиясы.

Қ.О. Бітібаева технологиясы бойынша (алдын ала тапсырма берілген)

Мұғалім : Балалар, тапсырма бойынша не байқадыңдар ?

1- оқушы. Сегіз – сері.

Мұғалім : Серілерге тән ортақ қасиеттер қандай еді?

2 -оқушы :

3- оқушы : Сегіз сері – ол да сері. Басқа серіден айырмашылығы – халық оның өнерін бағалап, Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, бір кісі, яғни Мұхамедқанафия Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннен шыққан. Атасы Қожаберген жырау – Толыбай Сыншыұлы.

Сегіз оның есімі емес, есімі Мұхамедқанапия. Сегіз сері есімі – еліміз тәуелсіздік алғанша, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Т.Нұртазин, Ш.Сәтбаева еңбектерінде сөз болған.

Қазір де Сегіз серіге қарсы топ С.Қосанның, Б.Кәртеннің мақалаларында жақтаушы топ Қ. Омаров, Ж.Ысмағұлов (философия ғылымдарының докторы, профессор), С.Дәуітов (философия ғылымдарының докторы, профессор), Т.Әлібеков (философия ғылымдарының кандидаты), шөбересі Амантай Бегеновтің мақалаларында қозғалғанмен, әлі де зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеуіміз бойынша, Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, 1. «Ақбақай», 2. «Ақ ерке», 3. «Алқоңыр»,4. «Әйкен – ай», 5. «Боз шұбар», 6. «Гауһартас», 7. «Ғайни», 8. «Жылой»,9. «Еңлік – ай» (Илигай), 10. «Көкем – ай», 11. «Қызға сәлем», 12 « Мақпал»,13. «Назқоңыр»(Ай қабақ), 14. «Сәулем – ай».

Тек «Ақбұлақ», «Боз шұбар» өлеңдері – Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне және оның жеңілісіне арналған.

Мұғалім :

Тағы да нені байқадыңдар, нені зертттедіңдер , тағы да неге көңіл бөдіңдер?

4- оқушы :

Тоғыз жасқа толмай жатып Мұхамедқанапия әке-шешесінен айырылады. Содан ұлы атасы – сол өңірге әйгілі, жан-жақты білімді Шақшақ шешеннің бауырында тәрбиеленеді. Немересінің ертеңгі күніне көп алаңдаған атасы оны сол кезде ел ішіне сіңісті болған өнер атауларының бәріне үйретеді.

Сегіздің әкесі Баһрам батырдың арғы атасы Толыбай сыншының атақ даңқы бүкіл қазақ сахарасына кең тараған. Толыбай сыншыдан артқы ұрпағына мұра болып қалған егіншілік, құсбегілік, емшілік, атбегілік, қолөнер мен аңшылықтың өзі де аз өнер емес. Соған қарамастан Баһрамнан бастап бұл әулетке батырлық пен балуандық және ақын- әншілік өнері дарып, тамыр жая бастайды.

Кішкентайынан епті де қайратты, әр нәрсеге қызыққыш, талапшыл болып өсіп келе жатқан Сегіздің арнасы қалыптасқан бұл жолдан шығып кетпеуі заңды нәрсе болатын.

5 – оқушы : Әндер жинағымен салыстырғанда оның көп өлеңі, әні халықтық шығармаға айналып, ел ішінде осы кезеңге дейін халық әндері ретінде орындалып жүр. Мысалы : 1977, 1978, 1979, 1992 жылдары шыққан әндер жинағында « Халық әндері» деп берілген. Тіпті соңғы кезге дейін 2008 жылғы 24 наурыздағы «Казахстанская правда» газетінде халық артисі Б.Төлегенова халық әні «Гауһартасты» орындады делінген. Сегіз сері жөнінде соңғы жылдары ғана сөз бола бастады. Алғаш ақынның есімі мен мұрасын еске түсіріп қозғау салған әйгілі жазушы Ғ. Мүсірепов өзінің «Ұлпан» атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: «Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын- әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоқжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, т. б. Бәрі де атақты – Сегіз сері ақынның мұрагерлері», – делінген.

Мұғалім :

4 Ал, неге байланысты халықтық шығармаға айналған ? Әндер жинағында мүлде аты берілмеген бе?

6 – оқушы : 4 әні берілген, бірақ авторы берілмей, « халық әндері» деп берілген, ұлылардың өлеңдерінде айтылғандай қазақтың күншілдігі.- Сегіз серіні де айналып кетпеген, оның шығармаларын өзіне қимаған. .

7- оқушы : Сегіз сері – лирик, өлеңдері – көркем, әні әуезді, сабақтың басында айтылғандай оның өлеңдерінің көбі, « Ақбұлақ» пен «Боз шұбардан» басқасы махаббат лирикасына жатады. Өлеңдерін арнаған қыз аттары анық, айқын берілген: Әйкен, Мақпал, Еңлік, Ғайни, Құсни., т.б

Мұғалім: Қазір сол өлеңдерден үзіндіні мәнерлеп оқып жіберіндерші

8– оқушы : «Әйкен – ай» өлеңінде :

Домбыраңды, құрбы қыз, қолыңа алшы,

Біз келгенде сызылтып әнге салшы.

Қайырмасы :

Әйкен – ай! Ән шырқайық, кел, кел-ай

9 – оқушы «Гауһартас» өлеңінде :

Ажарың ашық екен атқан таңдай,

Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.

Анаңнан сені тапқан айналайын,

Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!

Қайырмасы :

Беу-беу, гауһар тас,

Құсни құрдас,

Раушан жүзің көргенде,

Сәулем-ау сабырым қалмас.

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,

Шолпандай таң алдында жалғыз туған.

Жылы су, қолда құман, қарда орамал,

Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

10- оқушы : «Ғайни» өлеңінде :

Ғайни қыз, дидарыңа болдым ғашық,

Ойнақтап жүрегімді толқын басып.

Сағынып барғанымда тіл қатпадың,

Күйігі құмарымның кетті асып.

Қайырмасы :

Ғайни-ау, сәулем,

Жүргенім менің бүйтіп сенің әурең.

4- оқушы : «Қызға сәлем » өлеңінде :

Ақ жүзі ай бейнелі кейіпте еді,

Салғаны ән шырқатып бәйіт еді.

Азырақ Мақпал жайлы сөз сұрасам,

Жеңгесі айтпай сырды, кейітеді.

Ат қайда боз шұбардай шаппай желген,

Мақпалдай сұлу қайда қадір білген.

Бойынан Ақбұлақтың келгенімде,

Шақыртпай еш пендеге өзі келген.

Қайырмасы :

Ах-а-ау, сәулем Мақпал-ай,

Өзі келген-ай.

Аха-ха-хау, арман-ай.

5- оқушы : «Еңлік – ай» (Илигай) өлеңінде :

Дос болар деп ұнаттым топтан таңдап,

Әнге қостым атыңды әдейі арнап.

Еңлік-ай сәулем,

Еңлік-ай сәулем,

Еңлік-ай.

6- оқушы : «Көкем-ай» өлеңінде :

Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,

Бір, өзіңе, қалқатай, болдым құмар.

Бұраң бел, көкем-ай.

Қасы, көзі қиылып,

Қай жерде отыр екен-ай

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,

Құмарланған көңілім қашан тынар.

Бұраң бел, көкем-ай.

Қасы, көзі қиылып,

Қай жерде отыр екен-ай.

Қайырмасы :

Ел қыдырып іздесем,

Табар ма екем, көкем-ай.

Орта бойлы, қара көз шырайлым -ай,

Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!

Бұраң бел, көкем-ай.

Қасы, көзі қиылып,

Қай жерде отыр екен-ай

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,

Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай

7- оқушы : «Мақпал» өлеңінде :

Ақша жүз, бота көзді, қасың қара,( эпитет)

Шашыңды түнде жуып, күндіз тара.

Ниязбен екеуіміз келген шақта,

Мақпалжан бұлғақтамай бізге қара.

8- оқушы : «Назқоңыр»(Ай қабақ) өлеңінде :

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін, ( эпитет)

Кел десең, неге аяйын аттың терін.

Сары ағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.

1- оқушы : «Сәулем – ай» өлеңінде :

Айдап салдым жылқымды ақ қауданға,

Жабағы артық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.

Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,

Ақ білегің сыбанып қой сауғанда, сәулем-ай.

Қайырмасы :

Екі ғана жирен-ай,

Өңшең манат киген-ай.

Оймақ ауыз, күлім көз,

Ғашық жардың сүйгені-ай.

Мұғалім : Зерттеу кезінде тағы да нені байқадыңдар?

5- оқушы : Сегіз сері өлеңдерінің көркемдігінің жоғары біле тұра, (өлеңдерінде эпитет, метафора, теңеу көп кездеседі) Б.Кәртен «Айтысқан азар, тартысқан тозар» деген мақаласында (Қазақ әдебиеті газеті) (20.10.2006) Сегіз Серінікі делінетін шығармалардың көркемдік сапасы әдебиет теориясының талаптарына, шарттарына еш сай келмейтіні туралы жазды.