20-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Санды теңдіктер және теңсіздіктер.
Мақсаты: Санды теңдіктер және санды теңсіздіктер жайындағы түсініктерді тиянақтай түсу, оларды құру, оқу, жазу сияқты іс-әрекеттер орындауға машықтандыра түсу; өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтау; көпбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлшеуге жаттықтыру; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыра түсу.
I.Ұйымдастыру сәті.
Сабағымыз басталды,
Балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар,
Санауға зер салыңдар.
II.Тірек білімді еске түсіру
-Cуретте қандай түсті шарлар бейнеленген?
-Көк шарлар нешеу?
-Қызыл шарлар ше?
-Жасыл шарлар ше?
-Көк және қызыл шарлар туралы не айта аласыңдар? (Көк шарлар қызылдарға қарағанда артық)
-Қызыл және сары шарлар туралы ше?(олардың саны бірдей)
-Осыны математика тілінде жазып көрсетуге бола ма?
Оқушылар дәптерлерге жазуларды орындайды.Шыққан теңдіктер мен теңсіздіктерді оқу
5>3 3=3 2<3 5>2
Ә)Сандар қатары 9 8 7 6 5 4 3 2 1(бірінің астына бірі жазылған)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 (сандардың қосындысының мәнін тап)
-Не байқадыңдар?
-Олар неге өзгермейді?
III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс
Ойын:«Араларға көмек»
Ондық пен бірліктің қосындысы түрінде жазып көрсетіп, омартаға бал жинауға көмектес.
№1,№2.Ауызша талдау.Тақтада және дәптерде мұғалім басшылығымен жазу. Оқулықта келтірілген сұрақтар бойынша оқушылар жұмыс қорытындысын шығарады.
№3. Топтық жұмыс.
4 адамнан құрылған үйдегі топта өз таңдауын дәйектей отырып, оқушылар біртіндеп бір мысалдан
орындайды, оған кері екі мысал құрады.
Сергіту сәті
Анау бала, Балаға қара,
Ұясын ара, көріп қап бала,
Қызығып бірден, салады қолын,
Тәттісін ай деп, жалады қолын,
Сезіп қап оны талады ара,
Ұнатпай тағы шағады ара,
Апа,ара! Ара! Деп қашты бала.