Сабақтың тақырыбы: Жақсы мен жаман

0
905
преподавание

Бекітемін:

20 сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:

Сабақтың мақсаты: аҚ.Баянбайдың өмір жолымен таныстыру,өлеңдегі негізгі ойды анықтау.

әОқыған,жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпашпарын есте сақтауға,керекті жерінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

б Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын кеңейту.

Пән аралық байланыс : дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі :аралас

Көрнекілігі :мақал,өлең.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аздару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1.Мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу..

2.«Сен үшін ұялдым»тақырбына жазған эсселерін оқу.

3. Тілазарлыққа байланысты мақалдар айту.

Сергіту сәті. Есту зейінін дамытуға арналған «Алыс-жақын» жаттығуы

– Мен қазір әртүрлі дыбыс тіркеулерін айтамын.

– Мынау кім немесе не, анықтаңдар?

– Ол жақын немесе алыс орналасқан ба?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

а)Өлеңді түсініп оқу,мазмұнын ашу.

ә) Өлеңдегі жақсы,жаман қасиеттерді салыстыра айт.

б)Жақсы,жаман қасиет туралы кімнің шығармасынан танысып едіңдер?

в)А.Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз»өлеңін жатқа оқу.

г)Екі өлеңдегі қылықтарды салыстыра әңгімелеу.

д)Мақалдың мазмұнын түсіндір.

Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе,

Жанына қоңсы қондыр

IV.Сабақты бекіту.

-Жаман әдеттерден қалай арылуға болады?

-Жақсы,жаман қасиеттерді санамалап айтып бер.

Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Кім зейінді?» Есте сақтауын дамыту

– Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.

V. Үйге тапсырма.

1Өлеңді түсініп оқу.

2. Жақсы,жаман қылықтарды өзіңше жалғастырып жаз.

VI. Бағалау.