Сабақтың тақырыбы: Танысу.

0
24
информатика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең меңгерту. Айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру.

Тәрбиелік: Қазақ тіліне, пәнге, ұлтқа деген сүйіспеншілік, сыйластық, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: 1-сыныпта алған білімдерін бекіту. Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

IV. Жаңа сабақ.

1. «Танысу» тақырыбында әңгіме жүргізу. Осы мақсатта 1-тапсырманы орындау. Сұрақ-жауапты тыңдап, оқыған соң өз мектептері жайлы оқушыларға әңгімелету.

2. 2-тапсырма «оқылым» әрекетін іске асыру мақсатында берілгендіктен, оқушыларды үлгі бойынша сөйлету.

3. «Айтлылым» әрекетін оқушының меңгеруі үшін «Кел, танысайық!» тапсырмасымен жұмыс. Сыныпта жүйелі түрде сөйлеуге баулу.

4. «Жазылым» әрекетініске асыру үшін 4-тапсырманы жазбаша орындату. Танысу тақырыбын жазбаша жұмыспен бекіту. Оқушылардың сауатты жазуын бақылау.

5. Оқушылардың тілдесім әрекетін тыңдау мақсатында 5-тапсырманы оқушыларға ауызша кезек-кезек орындату.

V. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту:

а) сұрақ-жауап жасау;

ә) үлгі бойынша сөйлем үйрету;

б) әдептілікке баулу.

VІ. Үйге тапсырма.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь