Қазақ тілі 2 класс на казахском

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ү әрпіне қайталау жасау мақсатында жаттығулар жүргізу арқылы дұрыс оқу және сауатты жазу жолдарын үйрету. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсіндіру. Өз беттерімен мысал келтіру жолдарын көрсету. Білімін сараптау мақсатында бақылау жұмысын алу.

Тәрбиелік: Тәрбиелік мақсатта әңгімелесу.

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздікпен жұмыс жасау.

1. Сурет бойынша сөздерді оқып, ү дыбысын табу. Осы сөздерді оқушыларға кезекпен тақтаға жаздыру.

2. Жазылым. 2-тапсырма.

3. Жұптық жұмыс. 3-тапсырма. Оқушыларға өз көршілерімен сөйлесуді оқыту. Практикалық жұмыс жасау. Оқушыларды тілдесімге тарту.

4. «Үлкен», «кішкентай» ұғымдармен жұмыс. Сурет бойынша және қосымша кеспе қағаздар арқылы оқушыларға ұғымдарды қайталатып, саналарына бекіту. Практикалық жұмыс жасау.

5. «Есіңде сақта!» атты тапсырмамен оқушыларға практикалық түрде түсіндіру. Оқушыларды сөйлеуге жетелеу. Жолдастарына тапсырма беріп орындату.

6. Сергіту сәті.

7. Сөз диктантын жүргізу.

Жаңа сөздер бойынша диктант.

8. Айтылым. Жұптық жұмыс. 4-тапсырма. Үлгі бойынша әр оқушыға бір суреттен таратып, тілдесім әрекетіне мысалдар айтқызу.

Тақта алдында жұмыс.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

а) сурет бойынша жұмыс, оқу;

ә) ү дыбысына әр оқушыға үш сөзден дәптерлеріне жазғызу;

б) «үлкен», «кішкентай» ұғымдарына мысалдар айтқызу;

в) мәнерлеп оқу сайысын өткізу.

 

Ещё уроки серии

Все 158 уроков
  1. Сабақтың тақырыбы: Менің қүшігім.
  2. Сабақтың тақырыбы: Ойындар
  3. Сабақтың тақырыбы: Танысу.
  4. Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер. Күзгі киімдер.
  5. Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары.
  6. Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы.
  7. Сабақтың тақырыбы:Дене мүшелері.
  8. Сабақтың тақырыбы:Тазалық-саулық кепілі.
  9. Сөз және оның мағынасы
  10. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері

Қазақ тілі в 2 классе

Все предметы 2 класса