Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік.

0
693

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Азық-түлік» тақырыбы бойынша оқушылардың 2-сыныпта алған білімдерін саралау және бекіту. О және ө дыбыстарының айтылуы мен жазылуын пысықтау.

Тәрбиелік: Оқушыларға азық-түлік жайлы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Саналы түрде аталған тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету.

Сұраулық шылауларды орынды қолдана білу дағдысын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

1. Аударма жұмыс бойынша азық-түліктің атауларын еске түсіріу арқылы оқылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері бойынша жұмыс.

2. «Иә, жоқ» сөздерін орынды, саналы қолдану барысын жалғастыру. Осы мақсатта 2-тапсырманы орындату.

3. Керекті сөздерді пайдаланып, 3-тапсырмадағы сөздерді қосып, сөз тіркестерін дұрыс жасауға баулу мақсатында тапсырманы ауызша және жазбаша орындату.

4. Сурет бойынша оқушылардың есте сақтау қабілетін жандандыру үшін жемістердің атаулары арқылы сөз тіркестерін жасату.

5. Сұрақ-жауап арқылы І және ІІ жақта сөйлеу дағдысын дамыту үшін 5-тапсырманы жұптық түрде орындату.

6. Аз, көп сөздерінің мағынасын аударма арқылы қайталатып, сызба бойынша берілген 6-тапсырманы жазбаша орындату.

7. О және ө дыбыстарының айтылу мен жазылуын пысықтау үшін 7-тапсырмадағы сөздерді ауызша және жазбаша орындату. Үлгі эталонын ұсыну.

Ү л г і э т а л о н ы

Көп, өрік, картоп, төрт, отыз


 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь