Орыс сыныптарындағы қазақ тілінде оқушылардың тілін дамыта отырып, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуіне дағдыландыру.

0
925
литература

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық мәдениетіміздің жан-жақты өркендеуіне негіз болды. Мемлекеттік тіл-халықтың барлық мұқтажын, өнер, мәдениет, радио, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, шаруашылық, ресми іс-қағаздарды т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет. Оқушылардың тәрбиесі мен білім деңгейінің жоғары болуы, сауаттылығы, қазақ тілін меңгеру, түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін көрсетеді.

Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

Бірақ, оқушының тілін қалыптастыру үшін, мұғалімнің өзі бір құзырлыққа жету керек. Сол үшін оқушы санасына, қазақ-тілі ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтыны туралы ұғым қалыптастыру керек.

Қазақ-тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру ең маңызды жұмыстардың бірі. Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға, үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін, біріншіден жүйелі түрде, «оңайдан қиынға принципін» басшылыққа сала отырып күнтізбегін жоспар қажет деп ойлаймын. Содан кейін жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың тілін дамыту үшін әр түрлі тәсілдер арқылы жұмыс жүргізу. Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолданады. Басты назар аударатынымыз оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл бөлу.

Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс.Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс ,ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:

  • Өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізе білу;

  • Байланысты сөйлей білу;

  • Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;

  • Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі.

Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы аптасында мына мәселелерді анықтап алдым:

  • Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры;

  • Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі;

  • Байланыстырып сөйлеу дәрежесі.

Сөзді, сөйлемді, сөз тіркестерін тақтадан, кітаптан, дәптерден дұрыс оқыта білу – қазақ тілін меңгертіп, сөздін қорларын молайтуға септігін тигізеді. Мәтінді оқыту негізінде көптеген факторларды ескеру қажет.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.

Сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттықтыру.

Байланыстырып сөйлеуді үйрету.

Еркін оқуға үйрету.

Сөйлеу және оқуды меңгерген соң, жазу тілі қалыптастырылады. Сөз-тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.

Тіл дамыту жұмыстарында жаңа 0өзіндік сөздермен жұмыс ерекше орын алады.

Тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру.

Сурет бойынша әр түрлі мәтін құрастыру.

Жаттығу жұмыстарын жазу, кешендік талдау жасау.

Осыдан соң жазба жұмыстарын алуға болады.

Сөздік диктант

Мазмұндам

Шығарма, шағын әңгімелер

Тест жұмыстары

Жазу арқылы жүйелі сөйлеуді, сөйлеу стилін үйрету және ауызекі сөйлеуге жұмыс жасатуға болады. Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі – диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек.Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.Бұл оқушының тілін дамытады.

Оқушылардың тіл дамыту және сауаттылығын арттыру жұмысы:

ауызша

Мәтінмен жұмыс

А) талдау, в) сұраққа жауап беру, В) салыстыру

Жазбаша

1.Шығармашылық жұмыс

А) сурет бойынша мәтін құрау,Б) кесте толтыру,В)өлең шығару.

Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады ; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеуі дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін үйрету жұмыстарын орындау дұрыс жолға қойылған жағдайда ғана, тіл үйрету сабақтарының мақсаты шешілері сөзсіз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993.

2. Мүрсәлиева Ж.Т. «Қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту»

Марина Алмаханқызы Жақсылықова

№ 31 орыс орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь