Сабақтың тақырыбы: Атам мен әжем

0
649

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. «Отбасы»тақырыбында әр оқушыны өз білімін деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Тәрбиелік. Үлкенді сыйлау, «сіз» деген сөздің мағынасын оқушыларға жете түсіндіру. Үлкендермен қарым-қатынас, сыпайлық әдеттерді сіңіру.

Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтін бойынша оқылым әрекетін мәнерлеп оқудан бастап, оқушыларды айтылым әрекетіне жетелеу. Өз отбасы жайлы айтып үйрету.

2-тапсырма. Тапсырмада берілген диалог арқылы жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларды тілдесім әрекетіне баулу. Өз атасы және әжесі туралы айтуға үйрету.

3-тапсырма. Сурет бойынша әдептілік әліппесі төңірегінде 2-тапсырмада берілген сыпайлық қарым-қатынас үлгісін оқушыларға жете түсіндіру. Жұптық жұмыс арқылы мынау сенің атаң не әжең деп тапсырмадағы сөздердің мағынасын орынды қолдана білуге машықтандыру.

Сергіту сәті.

4-тапсырма. Тапсырмадағы «Әжем» атты өлеңмен оқылым әрекетін жандандыру. Сенің әжең бар ма? Аты кім?деген сұрақтар арқылы әр оқушымен практикалық жұмыс жасау.

5-тапсырма. Жазылым әрекетін 5-тапсырма бойынша іске асыру. Әдептілік әліппесіндегі сөздерді тапқызу, мағынасын сұрау.

6-тапсырма. Тақырып бойынша сөздік жұмысын бекіту үшін ойын ұйымдастыру.

Отбасы

Оқушыларға орыс тілінде отбасы мүшелерінің атауы жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар оларды қазақ тіліне аударып, тақтаға жазуы тиіс.

Отец, мать, дедушка, брат, младший брат, старший брат, старшая сестра, младшая сестра.

ҮІ. Сабақты бекіту.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. Сергітуді жаттау.