Сабақтың тақырыбы: Адам

0
650
физика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру, жаңа создерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.

Тәрбиелік.Салауатты өмір салтына байланысты тәрбиелік мақсаттағы әңгімелер айту.

Дамытушылық. Күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру, дене мүшелерін дұрыс айту және көрсету деңгейіне жеткізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма.1-сыныпта алған білімдерін жаңғырту , практикалық жұмыс жасау. Әр баламен жеке – жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Тапсырма бойынша оқылым әрекетін іске асыру. Саналы түрде түсініп, саналы оқу дағдысын қалыптастыру. Жұптық түрде практикалық түрде аяқтау.

3-тапсырма. Қисынды ойлау кабілетінде берілген жұмбақ өленді оқушыларға хормен оқытып, қимылдармен жалғастыру. Жұмбақтын шешуін тапқызу.

4-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырма бойынша жұмысты жеке жұмыс ретінде орындатып, қосымша «шаш және қол» сөздерімен жұмыс жасату. Практикалық жұмвс жасату.

5-тапсырма.Сергітуге берілген өлең жолдары арқылы оқылым, айтылым әрекеттерін жандандыру.

6-тапсырма. Тапсырмада берілген сөз тіркестерімен тақта алдында жұмыс өткізу.

ҮІ. Сабақты бекіту.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.