Сабақтың мақсаты:
Орта тас ғасырылын ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы айта сызба түрінде түсіндіре отытып, оқушылардың білімдерін жетілдіру, белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: сызба, суреттер.
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Тас дәуірінің хронологиясын ата
Ру дегеніміз не?
Екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал қалай аталады?
Тасты өңдеу әдісі қай кезеңде жетіле түсті?
Жаңа сабақтың жоспары:
Орта тас ғасырының ерекшелігі
Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды. Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазірге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.
Орта тас ғасыры (мезолит) б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.
Микролит-ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал
Б.з.б. 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады. Күннің жылынуы ендігі жерде бұрынғыдай үй салуды аса қажет етпеді. Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады.
2. Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер
3. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы.
Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды
Сабақты бекіту:
Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
Рулық қауымның өмірі туралы әңгімеле.
Мезолиттің еңбек құралына сипаттама бер.
Терімшілік пен егіншіліктің айырмашылығы неде?
Мал өсірудің аңшылықтан қандай айырмашылығы бар?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §4. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру