Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның ертедегі тұрғындары-сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мен сарматтардың наным-сенімдері, бұл тайпалардың мәдениетіндегі ұқсастықтар, ескерткіштеріндегі ерекшеліктер, дәстүрі туралы толық-қанды мәлімет бере отырып, ұтжанды, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:сызба, суреттер
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктері, жалпы адамзат тарихына қосқан үлесі туралы айтып бер.
Көшпелілердің қандай заттарды ойлап тапқанын айт.
Ұлы Жібек жолы туралы айт.
Қазақстанның аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданған?
Жаңа сабақтың жоспары:
Көшпелілердің діни-нанымдары
Қазақстан аумағын жайлаған ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сыйынған.
«Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған» деген сөздерді ертедегі грек тарихшыларының еңбектерінен оқи аламыз. Олар көшпелілердің «басқалармен достық, адал, әрі шынайы қарым-қатынасындағы» қайырымдылық пен әділеттікті атап айтқан.
Мәдениеттегі ұқсастықтар.
Ескерткіштері
Сабақты бекіту:
Көшпелі халықтардың діни нанымдары туралы әңгіме құрастыр.
Сақ, үйсін, ғұн, қаңлы, сармат тайпалырының салт-дәстүрінде қандай ұқсастықтар бар?
Бағалау: Үйге тапсырма: §29. Шығармашылық тапсырма. Картадан ежелгі Қазақстан тұрғындарының, тайпалық одақтар мен мемлекеттердің орналасу аумағын көрсетіңдер. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастығын анықтаңдар.