Сабақтың тақырыбы:§ 12. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.

0
691
явления

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.

2.Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру

3.Оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, тірек сызба, домбыра, суреттер, нақыл сөздер.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, әнұран орындау.

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Өткен тоқсанға шолу:

Қазақстан тарихы 4-ке бөлінеді

Соның ішінді ежелгі Қазақстан да 4-ке бөлінеді

тас дәуірі

мыс діуірі

қола дәуірі

темір дәуірі

Адамзат баласының металлдан жасалған құралды игере бастауы қай дәуірден басталады-энеолит-мыстытас

Темір дәуірі деп аталу себебі-еңбек құралдары темірден жасалды

Темір дәуірінің ерекшеліктері

а) шаруашылық құралдардың темірден жасалынуы

б) ірі тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуі

в) көшпелі мал шаруашылығы мен жыртпалы егіншіліктің шығуы

г) алғашқы мемлекеттердің қалыптаса бастауы

Жаңа сабақ: «Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай Қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпасының тарихын, мекендеген орнын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысын, мәдениетін,білу мақсатында өтетін ашық сабақ тақырыбы: Сақтар.