Сабақ № 89. Тақырыбы:Спорт . Тест.

0
792

Мақсаты: Оқушылар спорт туралы мәліметпен танысады.Оқушылар жаңа тақырып бойынша білімдерін бекітеді .

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Құрал жабдықтар: АКТ, оқулық, постер, маркер, слайд, үлестірме парақшалар, БББ кестесі, рефлексивті күнделік, бағалау парақшалары, сергіту сәті

Әдіс – тәсілдері: диалогтік оқыту, «синквейн» әдісі, «ойлан,бірік,бөліс» әдісі, «ыстық орындық» әдісі, «жуан,жіңішке» сұрақтар

. Күтілетін нәтиже:
– Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

– спорт туралы өз пікірін жеткізеді, сауатты жазуға дағдыланады.
– Қызығушылықтары артады.

Табыс критерий

-тақырып бойынша жұмыс істей алады;

-Өзін-өзі бағалайды;

-сыныптастарын тыңдайды;

Қосымша 89 сабаққа

1.Ойлауды қажет ететін ойын түрін атаңыз.

А) футбол

В) баскетбол

С) тоғызқұмалақ

D) волейбол

Е) теннис

2. Мен шахмат үйірмесіне қатыса… – керекті жалғауды жалғаңыз.

А) -бын В) -мен С) -сіз D) -мын Е) –мыз

3. Асық қолданатын спорт түрі

А) баскетбол

В) ханталапай

С) футбол

Д)шахмат

Е) тоғызқұмалақ

4. «Біз мектепте спорт үйірмесіне қатысамыз» – деген сөйлемдегі есімдік түрін анықтаңыз

А) сілтеу

В) өздік

С) сұрау

Д) жіктеу

Е) белгісіздік

5. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз

А) лото

В) дойбы

С) баскетбол

Д) тоғызқұмалақ

Е) шахмат

6. Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз

А) зат есім

В)сын есім

С)есімдік

Д)етістік

Е) сан есім

7. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз

А) то- ғыз- құм-ал-ақ

В) то-ғыз-құ-ма-лақ

С)тоғ-ыз-құма-лақ

Д) то-ғыз-құма-лақ

Е)тоғыз-құ-малақ

8.Мектеп спортзалында балалар…..

А) кітап оқиды

В) футбол ойнайды

С) шахмат ойнайды

D) сурет салады

Е) би билейд

9. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер

А) синоним

В) антоним

С) омоним

D) көп мағыналы

Е) сөз құрамы

Сөздік

жетістіктер – достижения ие болу – обладать

Біздің мектеп оқушылары спорт өнерінен жақсы жетістіктерге жетті. Мектебімізде волейбол, еркін күрес, баскетбол, каратэ үйірмелері жұмыс атқарады. Мектеп оқушылары қалалық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Тапсырмалар:

1. Спорт ойындарының атауларын теріп жазып, әрқайсысы бойынша білетін мәліметтеріңді дәптерге жазыңдар.

2. Бір-біріне қатысы бар сөздерді ілік септігі жалғауы арқылы байланыстырыңдар.

1.Қазақстан 1.спорт шеберлері

2.Алматы 2.әйелдер волейбол командасы

3.Қызылорда 3.тұрғындары

4.Волейболшылар 4.халықаралық одағы

3.Өздеріңе ұнайтын спорт ойыны туралы бір-біріңмен сөйлесіңдер.

4. Суретте қай ойын түрі көрсетілген? Бұл спорт ойыны сендерге ұнайды ма?

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Мәтінді мазмұндау

Сұрақ қою

тапсырма

тапсырма

Тест

Қорытынды баға