Пысықтау

0
654
литература

34–ші сабақ

Сабақтың тақырыбы Пысықтау

Сабақтың мақсаттары: 1.Өтілген материалды бекіту; алған білім мен дағдының деңгейін анықтау.

2. Ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзбетінше жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру.

3.Ұқыптылыққа, зейіншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: аралас

Көрнекі құралдар: саңырауқұлақтар, жапырақтар, доп, аңдардың суреттері, сандар.

Пәнаралық байланыс: салауаттану, дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық.

Балалар бір -біріне жақсы тілек айтып, мейірімділікпен сабақты бастау.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1.-Бүгін сабақта «Математика әлеміне » саяхат жасаймыз. Ал, саяхатқа тек қана жүйрік, батыл оқушылар барады.

Дайындық кезеңі.

Саяхатқа шығудың алдында өзімізді ойын арқылы тексеріп көрейік (мұғалім сөздер айтып тұрады, ал балалар сол сөзге антонимдер айтады және қимылмен көрсетіп тұрады)

Жоғары ( қимылмен көрсету) …..төмен (қимылмен көрсету)

Ұзын (қол қимылмен көрсету)…..қысқа (қимылмен көрсету)

Сол жақ – …………..

Қалың – ………

Биік – ………..

Жуан- …….

Әлсіз – ………. күшті ( қимылмен көрсету) бәрі күшті боп шығады

2.Қайталау

-Аптада неше күн?

-Аптаның күндерін атау.

-Айдың жұлдызы нешесі?

-Бүгінгі күннің ауа райы қандай? (дүниетану сабағындағы өткен тақырып бойынша белгілерді көрсету) .

-Күніміз ашық болу үшін, біраз жұмыс атқару керек. ( саяхаттың 1 күні – дүйсенбі)

1. Тура санау.

2.Кері санау

3.1-ден бастап 1 сан аттап санау.

4. Қосудың компоненттерін атау.

5. Айырманың компоненттерін атау.

6. Қосудың ауыстырымдылық заңы туралы не білеміз? ( ашық аспанның белгісін көрсету)

-Аспан қандай болды?

3.Жұмбақ шешу

«Жазда қыдырады,

Қыста тығылады».

Ол не? (аю + сейсенбі күні)

Саяхаттың 2-ші күні

-Балалар , мынау аю бізден көмек сұрап жатыр. Оның апаны әлі дайын емес .

-Оған нені көп жинау керек? (жапырақ)

-Дұрыс, оған құрғақ жапырақтар жинап беру керек.

(жапырақтардың бетінде берілген өрнектерді орындау)

3+2 5-2 0+2

5-1 3+1 5-0

4-2 3-2 4+0

Аю қуанып бізді ойынға шақырып жатыр.

ІV. Сергіту сәті.

Таулар қандай болады?

Биік, аласа (қимылмен көрсету)

Қазақстанның даласы қандай?

Кең, үлкен (қимылмен көрсету)

Ормандарымыз қандай?

Бай (қимылмен көрсету)

Өзендеріміз қандай?

Жылдам ,ағысты

Адамдарымыз қандай?

Қонақжай (қимылмен көрсету)

Біз қандаймыз?

Татумыз.

V. Өткен материалды бекіту. (аптаның 3-ші күні -сәрсенбі)№2 -59 бет өрнектер құрастыру.

№3 кесіділерді өлшеу

2. Аптаның 4 күні – бейсенбі. Ауа райы қандай? ( бұлтты аспанды көрсету)

Оқулықпен жұмыс.

-Балалар, күніміздің ашылуы үшін берілген тапсырманы орындайық. «Көршіні тап»

VI. Дәптермен жұмыс 48-49 бет. Аптаның нешінші күні болды? (Аптаның 5-ші күні – жұма). Ауа райы қандай? (жаңбыр белгісі көрсетіледі )

Алдымыздан қоян шықты. Қоян үнемі әндетіп жүреді , бүгін де әндетіп келді.

«Дәптерлерді ашамыз

Әдемі етіп жазамыз

Қуантамыз ұстазды

Қуантамыз ананы, әжені, атаны

Күн келеді шаттанып

Дәптерлерімізге күлімдеп».

№2, №3 -48 бет орындау.

VIІ. Аптаның алтыншы күні – сенбі. Ауа райымыз қандай? (қатты жел соғып тұр) Күніміз ашылу үшін мына жұмбақты шешіп, берілген тапсырмаларды орындайық.

«Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу»

-Мынау түлкі торға түсіп қалды. Түлкіні құтқарамыз ба? (түлкі +суреті) оқулықтағы №5 -60 бет, дәптерге орындау. Күніміз ашылды, енді үйге тез жетуіміз керек. Жүрген жолдарымызды анықтап алайық (дәп. №4 -49 бет)

VIІІ.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, саяхатта неше күн болдық? (6 күн)

-Ал аптада неше күн бар? Аптаның жетінші күні қалай аталады? (жексенбі)

-Жексенбі күні біз не істейміз? (демаламыз)

-Осымен сабақты аяқтаймыз.

-Сабақ ұнады ма?

– Қандай тапсырма қиын болды? т.с.с.

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.