Список тем:
|
|
Пример разработки урока:
Урок 20. Ілияс Жансүгіров- лирик ақын.
Мақсаты: Ілияс Жансүгіров шығармашылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Ілияс Жансүгіров өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін ұлғайту, өз бетімен жұмыс жасауға жаттықтыру, қазақ ақындарының шығармашылығына қызығушылыққа тәрбиелеу .
Құралдар: Ілияс Жансүгіров суреті, өлеңдері, хрестоматия.
Сабақ түрі: аралас.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер) Үй тапсырмасын тексеру (рөлге бөліп оқу)
Жаңа сабақ : Ілияс Жансүгіров – лирик ақын.
Ілияс Жансүгіров- ақын, жазушы, драматург, аудармашы, халық ауыз әдебиетін зерттеп жинаған, жасынан домбыра тартады, ән салады.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында туған.
1920 ж- Алматыда оқиды, кейін Ташкентте мұғалімдер даярлайтын институтта оқиды
1928 ж- Мәскеуде Журналистика институтын бітіреді
«Қазақстан» баспасының директоры қызметін атқарады
1938 жылы репрессияға ұшырады
әңгімелері «Куң өлімі», «Жарапазан», «Сыйға – сый, сыраға – бал», «Шешілмеген жұмбақ», «Жолдастар»- романы Фельетондары: «Құқ», «Құйрықты базар», «Ұяның ұясы, қожаның дорбасы», т.б. |
Пьесалары- «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» |
поэмалары- «Дала», «Күйші», «Құлагер» өлеңдері – өз беттерімен атауларын жазу (үй тапсырмасы) «Гималай», «Мәскеу-Қазақстан», «Домбыра», « Түс», «Орман» т.б. «Жазғытұры |
Тапсырма: конспект жазу
(Ілияс Жансүгіров 5 томдық жинағы, 1 том, 68 бет)
«Жазғытұрым» -1922 ж
Ой, балалар, балалар! Жылы-жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты. Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті, Жер қарайды-жаз кепті. Желкілдейді көк майса, Желіндейді мал жайса. Ауыл көшті қыстаудан. |
Әне! Апамдар қой сауған. Құс ұясын түзеді, Тайымды ағам күзеді. Ел ешкісін қырқыпты, Егіндерін жыртыпты. Ой, балалар, балалар! Ойналық та, күлелік, Қос басына мінелік. |
өлеңмен таныстыру, мәнерлеп оқыту, жыл мезгіліне тән қасиеттерді суреттеу шеберлігі туралы әңгімелесу( Абайдың шығармашылығының әсері бар екені туралы айта кету)
Бекіту: Ілияс Жансүгіров кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
Үйде: өлеңдері – өз беттерімен атауларын жазу(10)
Қорытынды ( бағалау, қоштасу)