Пішін, өлшем туралы түсінік.

0
1338

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Заттардың пішіні мен өлшемі туралы түсініктерін қалыптастыру;

2. Дамытушылық: Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай алуға үйрету ( түсі,пішіні, өлшемі бойынша); заттарды санауға жаттықтыру.

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың көрнекіліктері: жол белгілері, әр түрлі заттар,

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

«Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық (құшақтасады)».

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жұмыс жүргізу үшін түрлі -түрлі суреттер дайындау. Мысалы: 3 түсті доп (үлкен, кіші ), 3 түрлі сызғыш (ұзын, қысқа), 3 түрлі текше т.б.

Әр затты сипаттап беру.

IІІ. Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалім бірдей пішіндегі 2-3 затты көрсетіп, оқушыларға заттарды, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруды, осындай пішіндегі заттарды қоршаған ортадан табуды ұсынады.

Геометриялық фигуралармен жұмыс. Мұғалім әртүрлі геометриялық фигуралардың ішінен дөңгелек, тіктөртбұрыш, шаршы пішіндегі фигураларды көрсетуге сұрайды.

Егер оқушылар тапсырманы жеңіл орындаса, ары қарай тапсырманы күрделендіруге болады. Мысалы: «Фигуралардың арасынан кішкентай жасыл емес фигураны тауып көрсет», т. б. Әр оқушы өз нұсқасын ұсынады,өз пікірін дәлелдейді. Мұндай тапсырмалар оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады, ойлау процестерінің, тілдерінің дамуына көмектеседі.

ІV. Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырма заттың пішіні туралы түсініктерін нақтылау мақсатын көздейді. Алдымен көшеде жүру ережесі туралы әңгіме жүргізіледі, содан соң жол белгілеріне, олардың пішіндеріне көңіл аударылады.

Сұрақтар:

-Қандай машиналар бейнеленген?

-Олардың қайсысын үлкен деп айтуға болады?

-Жолдан кім өтіп барады?

-Жолдан қалай өту керек?

-Кішкентай баланы жолдан кім өткізу керек?

№2 заттардың пішіні туралы білімдерін анықтау.

Белгінің өзі, оның бекітілген тұғыры қандай екенін қарау керек. Барлық үшбұрыштарды (шаршыларды, дөңгелектерді) санаудыц ұсынып, тапсырманы орындау.

№3 тапсырма заттардың пішіні, өлшемі туралы білімдерін бекітуге арналған. Мұғалім алдымен көліктердің дөңгелегі нешеу екенін, содан соң жеке тұрған дөңгелектерді санайды. Оқушылар жауаптарын дәлелдей тырып, машиналарға , велосипедке дөңгелектер таңдайды.

№4 тапсырма бақылағыштықтарын дамытуға, заттардың пішінін айыра білу дағдыларын бекітуге берілген.

-Шаршы пішінді зат нешеу?

-Дөңгелек пішінді нешеу?

-Шам мен матрешканы алмұрт пішінді деп айтуға болады. мұндай заттардан нешеу бейнеленген?

Фигуралардың екі тобын салыстыру.

«Өрнек құр», «Артық фигураны тап» т.б. ойын түрлерін жүргізуге болады.

VI. Сергіту сәті

Отырайық жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан тұрайық,

Басқа гүлге барайық

VII. Дәптермен жұмыс 4-5 бет

№1 тапсырма . Түсі және пішіні бойынша салыстыру жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар толық жауаппен жауап беріп отырады. Мысалы:

-Мен екі фигураны олар шаршы және түстері бірдей болғандықтан біріктірдім.

№2 тапсырма жаңа материалды бекітеді және саусақ бұлшықеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Үзік сызықтар бойымен фигураны бастыру керек.

VIIІ. Өтілген материалмен жұмыс жүргізу.

№3тапсырма . «Сиқырлы суреттер» қиялдарын дамытуға, графикалық және санау дағдыларын жетілдіруге арналған. Оқушыларға фигураның пішінің анықтау, қоршаған ортада қандай заттар осындай пішінге не екенін табуға тапсырма беріледі. Осы заттарды аяқтап салу ұсынылады.

№4 тапсырма «үлкен және кіші» тақырыбын қайталауға мүмкіндік береді. «Кімнің қолшатыры» сызық арқылы қосу.

ІХ.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?