Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі. Озонның табиғатта таралуы.

0
1211
информатика

Күні

Сабақтың тақырыбы. Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі. Озонның табиғатта таралуы.

Сабақтың мақсаты. Білімділік: Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі – озонның физикалық қасиеттерін сипаттау, тұрақсыз қосылыс, тез ыдырап, оттекке айналуын және күшті тотықтырғыш екенін түсіндіру. Дамытушылық: табиғатта таралуын, пайдалы жақтарын айту, логикалық ойларын дамыту. Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: “Элементтердің табиғатта таралуы” кесте, оттек пен озон молекулаларының модельдері, озонатор приборын көрсету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оттектің табиғаттағы айналымы мен қолданылуы тақырыбын қайталау мақсатында сұрақтар беру:

Табиғаттағы оттектің айналуын айтып беріңдер.

Оттектің тірі организмдер үшін маңызы қандай?

Табиғатта оттек қалай түзіледі?

«Орман – планета өкпесі» деген сөз неге байланысты айтылған?

Оттектің пайдасы және бүлдіргіштік қасиеттерін айтып беріңдер.

Оттек қандай мақсаттарда қолданылады.

Жаңа сабақты түсіндіруді мынадай сұрақтан бастаған жөн.

1. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі – озон екенін және физикалық қасиет- терін сипаттаудан бастау.

Формуласы – О3 грекше «озо» – иісті газ деген ұғымды білдіреді.

↑,Т(көкшілдеу)(өзіне тән ерекше)2О-да аз ериді, Т=-1120С, Т=-1930С, О2-ден 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіреді, Оны қолдану арқылы ауыз су мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияны жояды.

Озон электр зарядтарының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда және ормандарда қылқанды ағаштардың шайыры тотыққан кезде найда болады.

Найзағай жаңбырдан соң шығатын ерекше иіс – озонға тән.

Тұрақсыз қосылыс: О3 → О2 + О О + О → О2

Аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не? Анықтама беру.

О3 + 2КІ + Н2О = О2 ↑+ І2↓ + 2КОН Озоны бар ауаны калий иодиді ерітіндісіне жіберсе иод бос күйінде бөлінеді. Жаңбырдан соң ауада озон мөлшері 0,00001% болғанның өзінде ауаны тазартып, таза оттекпен демалуға мүмкіндік туады.

Озон шамамен 25км биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей қоршаған 2-3 мм қабатша түрінде болады. Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол Күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады.

Оқушы білімін бекіту мақсатымен төмендегідей сұрақтар қойылады:

Аллотропия, аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не?

Не себепті оттекті тотығу процесінде, ал озонды бактерияны жою үшін пайдаланады?

Озонның түзілуі және оның табиғаттағы маңызы қандай?

Озонды лабораторияда қалай алуға болады?

Үйге тапсырма беру: §25. 6,7 жаттығу.

химия