Қожа жағымды кейіпкер

0
2528
явления

Сыныбы: 6 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Қожа Қадыров- жағымды кейіпкер
Мақсаты:
а) білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың ” Менің атым -Қожа” повесіндегі Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету,жалғау түрлерін, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін қайталауға жаттығулар орындау.
ә) дамытушылық: оқушылардың өзіндік ой қорыта білуін, шығармашылық қабілетін жетілдіру, ой – өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту.
б) тәрбиелік: оқушыларды жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету,жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, жаттығу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,фильмнен үзінді, таратпа материалдар, бағалау парағы, смайлик, стикер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
2.Топқа бөлу (оқушыларқа оқу құралдары, адамның қасиеттері,мамандықтарға байланысты жазылған қағаз қиықтары таратылады)
1-топ (оқу құралдары) 2-топ ( мінез-құлық) 3-топ (мамандық)
Сөмке ,кітап,қалам,сызғыш,дәптер;
Өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді;
Ақын,жазушы,оқырман,суретші,кітапханашы.
2. Топтың алтын ережесін еске түсіру.
Тәртіп сақтау.
Шыншыл, әділ болу.
Өзгенің пікірімен санасу.
Өз пікірін қорғай, дәлелдей алу,
Топ мүшелерінің пікірін тыңдау,жоққа шығармау,
Ойларын ашық айту;
Әділ бағалау.
3.Топ көшбасшысын сайлау.
Бағалау парағы таратылады.
(Әр тапсырма смайлик қою арқылы бағаланады)

II.Үй тапсырмасын сұрау.
1.”Менің сүйікті кітабым” әңгіме.
2. Топтастыру.

III. Ой қозғау стратегиясы:

III. Жаңа сабақ:
Қожа Қадыров-жағымды кейіпкер.
«Менің атым-Қожа» фильмінен үзінді көрсету арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтау.
1.Сабағымыздың мақсаты Қожа бейнесін ашу,тіл байлығымызды,сөздік қорымызды дамыту,
2.Оқиға желісіне шолу жасау.(Суреттер арқылы сәйкестендіреді)
Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
5. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
6. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

IV. Мәтінмен жұмыс.
1-топ.Оқу,аудару.Асты сызылған сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты тап.
2-топ.Оқу,сұрақтар құрастыру.Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді тап.
3-топ.Оқу,диалог құрастыру.Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді тап,қай септікте тұрғанын анықта.

V. Сергіту сәті. «Иесіне қайтар» ойыны (Әр топтан бір оқушы шығып, берілген тапсырманы сәйкестіреді)

қазақ
тілі

VI.Топпен жұмыс.
І-топ –Қожаның жағымды жақтары.
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды.
Әкесінің абыройын “шелектеп” төктім деп уайымдайды
ІІ-топ – Қожаның жағымсызжақтары
Берген сөзінде тұра алмайды
Сыныптастарына маза бермейді
Жалтарып сөйлейді.
Сабақтан қалады
ІІІ-топ –Жағымды мінезі мен жағымсыз мінезі.
Намысшыл, ақкөңіл,әділ,алғыр,мейірімді.
Сотқар, тентек,ұрыншақ,тәртіпсіз,өтірікші.
(үш топ өз тұжырымдарын дәлелдейді,стикер арқылы бір-бірін формативті бағалайды)

VII.Сабақты қорытындылау:«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»
Қожадан қандай үлгі алар едің? Біздің ортамызда ондай балалар кездесе ме?
(стикерге өз ойларын жазады)
VIII.Бағалау: Топ көшбасшылары бағалау қорытындысын айтады.
IX.Рефлексия: Бүгінгі сабақ туралы өз ойың.Не ұнады ?не ұнамады?
X.Үйге тапсырма: «Жақсы мен жаман тақырыбына» мақал-мәтелдер жаттау.

« Балқаш қаласы М.Горький атындағы №1 ЖББОМ » КММ

Ашық сабақ
«Қожа Қадыров- жағымды кейіпкер»
6 «Б» сыныбы

Өткізген: Баянбаева М.С.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2014-2015 оқу жылы Қожа Қадыров- жағымды кейіпкер, Қожа жағымды кейіпкер