«Оттегін алу және оның қасиеттері»

0
714
информатика

Күні

№4 Сарамандық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Оттегін алу және оның қасиеттері»

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың оттегін алу және оның химиялық, физикалық қасиеттері туралы білімдерін бекітіп, ауаны, суды ығыстыру арқылы газ жинау іскерлігін қалыптастыру.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: пробирка бекітетін қалақшасы бар темір штатив, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын, 5 пробирка, оның үшеуі тығынмен тығыз жабылған шыра, кішкене мақта, ортасына дейін суы бар кішігірім конус, ұшына көмір бекітілетін жіңішке сым, 0,5 г калий перманганаты, әк суы.

Жұмыс барысы: Алдымен оқушылар оқулықта көрсетілгендей оттегін алатын құрал жинап, оның ауа жібермейтіндігін тексеру керек. Сынауыққа калий перманганатын салып, қыздырған кезде газ жүретін түтікке кетпес үшін, алдына бос қылып мақта қою керек. Газ жүретін түтіктің үшін оттегі жинайтын /стақан, сынауық/ ыдыстың түбіне дейін жеткіземіз. Оттегі аудан сәл ауыр болғандықтан, біртіндеп ауаны ыдыстан ығыстырады. Оттегі ыдысқа толғанын білу үшін тұтанған шыраны ыдыс аузына жақындатқанда шыра лып етіп жанады. Оттегінің суда ерігіштігі нашар болғандықтан оны суды ығыстыру арқылы да жинауға болады. Ол үшін 25-суреттегідей құрал жинап қолданамыз. Сеңгелге суға толған екі сынауыққа салып қоямыз.Калий пермаганты салынған сынауықты сәл қыздырып, газ жүретін түтіктегі ауа шыққаннан кейін оны су астындағы сынауыққа кіргізіп, сынауықтың түбін жоғары қаратып ұстаймыз. Оттегі суды ығыстырып, сынауыққа жиналады. Су астында сынауықтың аузын тығынмен жауып, сеңгелден аламыз. Қыздыруды тоқтатпай түтікті судан алу керек, себебі, су калий перманганаты салынған сынауыққа дейін кетіп, қызған сынауық сынуы мүмкін. Сымға бекітілген көмірді спиртшамды қыздырып оттегі бар сынауыққа кіргізгенде, ол жарқырап жанады. Байқалған құбылыстарды оқушылардың табиғаттану пәнінен алған білмдермен ұштастыруға болады. Төмендегідей сұрақ беріп, алған білімдерін бекіткен дұрыс:

а) оттегінің қандай физикалық қасиеттерін байқадыңдар?

ә) қандай химиялық қасиеттерімен таныстыңдар? б)оттегін ауаны және суды ығыстыру арқылы жинау себебін түсіндір.

Ескерту: оттегін сутегі асқын оксидімен де алуға болады.

Сарамандық жұмыс төмендегі жоспармен өту керек.

І. Жұмысты жүргізуге берілетін оқытушының нұсқауы.

ІІ. Оқушылардың сарамандық жұмысты жүргізуі:

а) оттегі алуға арналған құралды жинау

ә) құқралдың ауа өткізбейтіндігін тексеру

б) оттегінің жиналғанын дәлелдеу (жаңа жанған шырамен)

в) көмірдің оттегімен әрекеттесуі

Ш. Жұмысты жазбаша қорытындылау.

Үйге тапсырма беру: Қайталау.

химия