Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Осы шақ.

0
774

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Осы шақ.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

осы шақ пен оның түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: осы шақты меңгеру, отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы өз

ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Бес мақал – мәтел жазып, етістіктердің қай шақта тұғанын анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сөйлесуді толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

– Сенің әкеңнің мамандығы қандай?

– Менің әкемнің мамандығы – жүргізуші. Ал сенің әкеңнің ше?

– Менің әкемнің мамандығы – инженер.

2 – тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемдерді осы шақта жазыңдар.

Мен болашақта теңізші болуды армандап жүрмін. Дәрігер балаларды емдейді. Құстар аспанда ұшады. Қыста қар жауады. Мен отбасымды жақсы көремін. Тігінші киім тігеді.

3 – тапсырма. Сөйлесуді аударыңдар.

– Ты как собираешься провести праздник ?

– Поеду домой к родителям. Я уже купил билет.

– Ты смотри как! А как же занятия ?

– А я полечу самолетом. Улетаю в пятницу вечером. Значит выиграю два дня.

– Это идея. И обратно самолетом ?

– Угадал. Прилечу рано утром и пойду на занятия.

Ережемен жұмыс

Ауыспалы осы шақ: -а,-е,-й + жіктік жалғауы (І,ІІ,ІІІ): келеді, барасың, қараймын

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Осы шақта әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау