Отан. Тәуелдік жалғау.

0
1221
интернет

Сабақтың тақырыбы: Отан. Тәуелдік жалғау.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

тәуелдік жалғауын түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: тәуелдік жалғауын меңгеру, Отан жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген моульді еске түсіру, пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1- тапсырма. «Отан» өлеңін мәнерлеп оқу.

Отан-сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың. (Б.Ысқақаов)

2- тапсырма. Отан, өлке, сабақ сөздерін тәуелдеу.

Бес жолды өлең

1. Зат есім – Отан

2. Сын есім – ыстық, кең-байтақ

3. Етістік – дамиды, сүйеміз, қорғаймыз

4. Сөйлем – Біз Отанымызды қорғаймыз.

5. Синоним – туған жер, атамекен

Ережемен жұмыс

Тәуелдік жалғауы

І жақ. Менің –ым, -ім, -м Біздің – ымыз, -іміз, -мыз, -міз

ІІ ж. Сенің -ың, -ің, -ң Сендердің -ың, -ің, -ң

Сіздің – ыңыз, -іңіз, Сіздердің -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

– ңыз, -ңіз

ІІІ ж. Оның -сы, -сі, -ы, -і Олардың -сы, -сі, -ы, -і

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Отан» өлеңін жаттау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь