15-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Қосу және азайту (50+3,53-3)
Мақсаты:Екі таңбалы санның ондықтарға және бірліктерге жіктелуі; санның ондық құрамы жайындағы білімге негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету; өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға жаттықтыра түсу. Көпбұрыштың түрлері жайындағы түсініктерді тиянақтай түсу, екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.
I.Ұйымдастыру сәті
Қазір жылдың қай мезгілі?
Айнала қандай түске боялған?
Күздің негізгі белгісі не? (сарғайған жапырақ, күзгі жаңбыр,т.б)
II.Тірек білімді еске түсіру
А)Ойын: «Жапырақ жинау»