Қосу мен азайту 26+30 56-30

0
741

31-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту 26+30 56-30

Мақсаты:Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.

I.Ұйымдастыру сәті


II. Тірек білімді еске түсіру

а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері)

-Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата.

-Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.

-Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

-Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

-Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

-Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, …, 40).

-Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?

ә) Зейінділікке есеп.

Үстел үстінде 10 алма жатыр еді.Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?

III.Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

-Бүгінгі біздің сабағымызда қандай санау бірлігі негізгі болып табылады?

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

Ондықтарға ондықтарды қосады.

Ондықтарды ондықтардан азайтады.

№2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды.Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді.(53+30, 83-30).

Мысалы:

-53 және 30 сандарының қосындысы;

-Бірліктерге бірліктерді қосу;

-Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;

-Ондықтарды ондықтарға қосу;

-Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу;

-Қосындының мәні 83.

№3. Өзіндік жұмыс.Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.

№4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады.Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды.Қысқаша жазуды сұлба бойынша орындаған қолайлы.

Болғаны-? 12 12

Бергені-2қ. 2 ?

Қалғаны-10қ. ? 10

10+2=12(қ) 12-2=10 (қ) 12-10=2(қ)

Жауабы: 12 қ болды. Жауабы: 10қ қалды. Жауабы: 2қ берді.

Сергіту сәті

№5.Көрнекілікке сүйеніп,уақытты ауызша анықтайды.

Рефлексия.Шығармашылық жұмыс


Үй тапсырмасы. 57-бет. №6