Оксидтер. Олардың аталуы. Тотығу.

0
779
информатика

Күні

Сабақтың тақырыбы. Оксидтер. Олардың аталуы. Тотығу.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Оксидтермен, жану ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық: Оксидтердің формуласын құрастырып, аттарын дұрыс атауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар. Оқушылар үстелінде: оксидтердің үлгілері – мыс(II) оксиді, магний оксиді.

Тірек білім мен біліктер. Жану оксидтер, жай зат, күрделі зат, химиялық реакция теңдеуін құру білігі, реакцияларды салыстыру, валенттік бойынша оксидтердің формуласын құру.

Сабақ барысы: Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға тапсырма беруге болады:. 1. Неліктен оттегі газы суды ығыстыру арқылы жиналады?

Неліктен оттегі газы ауаны ығыстыру арқылы жиналады?

Зертханада оттегін қандай приборда сақтайды?

Оттегін зертханада қандай заттардан алады?

Өнеркәсіпте оттегін қалай алады?

Калий перманганатынан алу реакция теңдеуін жаз.

Калий хлоратынан алу реакция теңдеуін жаз.

Өршіткі дегеніміз не? ,

Сұрақтар талданғаннан кейін “Оксидтер үлгілері мен танысу” деген зертханалық жұмыс жүргізіледі, кесте толтырылады. Содан соң, оксидтер құрамына көңіл бөлу керек.

Оксидтердің екі түрлі ерекшелігі бар: сандық және сапалық құрамы.

Біріншіден, оксидтер тек екі элементтен тұрады, бұл сандық құрамы.

Екіншіден, құрамында оттегінің болуы бұл сапалық құрамы, яғни барлық оксидтердің құрамында екі элементтің біреуі оттегі болатынын оқушы нақты білу қажет. Сөйтіп, оксидтерге анықтама беріледі. Оксидтердің күрделі заттарға жататынын осы жерде тоқталып кеткен жөн.Мұғалім мына ұғымдардың оксид, оксидтер класы, күрделі зат байланы сына көңіл бөледі. Әр түрлі оксидтер жиыны оксидтер класын құрайды. Ал оксидтер класы басқа кластармен қосылып, күрделі заттар жиынтығы екені айтылады.

Оксидтер класын, оның құрам ерекшелігін жақсы түсінуі үшін оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыруға болады.

Мысалы: төменде берілген формулалардан оксидтерді теріп жазыңдар: HCl, NaOH, CaO, ZnO, SО2 , HСІ, NaOH, H2S , K2 O, Fe2 O3 , ZnS.

Тотығу реакциясына жай заттардың оттегімен қосылуы жататынын айта келіп, күрделі заттар да тотығатынын, бірақ олар реакцияның басқа типіне жататынына көңіл бөлген жөн. Күрделі заттар жанғанда реакция жүру ерекшелігіне, заттар түсінің, иісінің өзгеруіне қарап, алынған заттардың құрамын тұжырымдайды.

Мысалы: а) бұзылған жұмыртқаның иісі баргаз (H2S) жанғанда реакцмя нәтижесінде күкірт (IY) оксиді мен судың түзілуі. Осы реакцияның ерекшелігі қандай? ә) сынап сульфидінің қара ұнтағы тотыққанда екі зат алынды. Олар қызғылт түсті зат пен өткір иісті газ. Бұл қай заттар? Реакция теңдеуін жаз.

Тапсырманы орындау барысында оқушы әр уақытта реакцияларды салыстыра білуге, түсіндіруге, тұжырымдауға, қорытынды жүргізуге үйрену керек.

Сабақты бекіту мақсатында мынадай тапсырмалар береміз:

1. Силанның SiH және сынап сульфидінің HgS тотығу реакциясының теңдеуін жазу.

2. Валенттілік бойынша оксидтердің формуласын құрып, аттарын атау.

Мысалы: мырыш (II), күкірт (IY,YI), мыс Cu(I,II),хром Cr (III,YI), фосфор Р (III,Y), магний Mg (II), т.б.

Үйге тапсырма. §23. 1,4,5-жаттығулар.

химия