Нәтиже сабақ «Қыс мезгілі»

0
683
науки информатики

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Қыс мезгілі»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік:модуль бойынша оқылған тақырыптарды қорытындылап,

сын есімдерді пысықтау, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сын есімдерді меңгеру, қыс мезгілі туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Ана аю» мәтінін мазмұндау)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 –тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

Кестені толтыр:

Сын есімнің жұрнақтары

… … … …

2. Мына сөздерді аудар: лыжи, санки, снеговик, метель, зима.

3. Бұл қай кезде болады?

а) өсімдіктер гүлдейді

ә) жаңбыр жауады

б) қар жауады

в) қар ериді

4. Қыс айларын ата:

а) маусым, шілде, тамыз

ә) жұма, сенбі, жексенбі

б) желтоқсан, қаңтар, ақпан

5. Сын есім заттың сынын білдіре ме?

а) иә

б) жоқ

6. Мына сөздерден сөйлем құра: киінеді, адамдар, жылы, қыста.

7. Мына сөйлемді жалғастыр: Абай қазақ халқын мәдениетке, білімге, …

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау