Нәтиже сабақ «Менің отбасым»

0
654
химия

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Менің отбасым»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша тақырыптарды қорытындылап,

фонетиканы пысықтау , сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: фонетиканы меңгеру, өз отбасы туралы өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сөйлемдердерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Отбасыңды таныстыр.

2. «Сіңлім» деп айтады? «Қарындасым» деп кім айтады?

3. Үндестік заңының неше түрі бар?

4. Отбасы туралы нақыл сөздерді айтыңдар.

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Отбасы мүшелерінің атауын тап.

А) әке, шеше, ата, апа

Ә) табиғат, орман, өзен

Б) мектеп, тақта, кітап

В) дүкен, асхана, шаштараз

2. Сызбаны толтыр.

… к … (і)

… п + дауысты … (і, ы)

… қ … (ы)

3. Сөздердің аудармасын тап.

1. ақылшы традиция

2. бауырмал дружный

3. тату наставник

4. дәстүр сердечный

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь