Нәтиже сабақ «Ұлттық ойындар».

0
673

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Ұлттық ойындар».

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

етістікті қайталау, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, сөздікпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: етістіктерді меңгеру, ұлттық ойындар туралы өз ойларын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Айқұлақ ойыны» мәтінін мазмұндау).

Тұйық етістігі бар мақал – мәтелдер жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Жіктік жалғауы бар сөздердің жағын анықтап, жасалу жолын

түсіндіріңдер.

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Ұлттық ойынның атауын тап.

а) ханталапай

ә) шаңғы тебу

б) дойбы

2. Етістік дегеніміз не?

а) заттың сынын білдіретін сөз табы

ә) заттың қимылын білдіретін сөз табы

б) заттың атын білдіретін сөз табы

3. Етістік қандай сұраққа жауап береді?

а) қандай?

ә) не істеді?

б) кім?

Сөздікпен жұмыс (модульдегі жаңа сөздерді жатқа жазу)

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь