Нәтиже сабақ «Менің қалам»

0
727
Казахстан

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Менің қалам»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша тақырыптарды пысықтап,

септік жалғауларын қорытындылау , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: септік жалғауларын меңгеру, қала жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

5-тапсырманы тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Зат есім деген не?

2. Тігін, тоқыма фабрикалары қаланың қай жағында орналасқан?

3. Қаланың шығысында нелер бар?

4. Саған қалаң ұнайды ма? Несімен ұнайды?

5. Септік жалғаулары мен сұрақтарын атаңдар. Мысал келтіріңдер.

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?

А) сан есім

Ә) зат есім

Б) сын есім

2. Барыс септікті сөзді табыңыз.

А) қаланың

Ә) қалаға

Б) қаланы

3. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

А) қандай?

Ә) кім?

Б) қанша?

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Тест жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау