Нәтиже сабақ «Үй жануарлары»

0
728
физика

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Үй жануарлары»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша оқылған тақырыптарды

қорытындылап, есімдік пен оның түрлерін қайталау, сауатты сөйлеу

мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, сөздікпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: есімдіктерді меңгеру, жануарлар әлемі туралы өз ойларын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Аю мен лақ» мәтінін мазмұндау). Өздері ертегі құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Есімдіктің түрлерін тап.

А) жанды, жансыз

Ә) бірлік, ондық

Б) жіктеу, сілтеу

2. Үй жануарларының тұрақты мекені

А) таулы жер, орманды жер

Ә) хайуанаттар бағы

Б) қора

3. Мына сөздерден сөйлем құраңдар: қыстайды, жерде, жануарлар, жабайы, мен құстар, таулы.

4. Жануарлардың мінезі:

Қоян –

Түлкі –

Бұлбұл –

Сөздікпен жұмыс (модуль бойынша өтілген жаңа сөздерді жатқа жазу)

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау