Нәтиже сабақ «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»

0
897
программирование

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша тақырыптарды қорытындылап,

фонетиканы пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: фонетиканы меңгеру, тіл туралы өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма (Өлеңді жатқа сұрау)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

1. ҚР мемлекеттік тілі

2. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?

3. Тіл мерекесі қашан тойланады?

4. Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?

А) 3

Ә) 4

Б) 5

2. Азамат – екпін қай буынға түседі?

А) а

Ә) за

Б) мат

3. Қай сөз тасымалданбайды?

А) шеге

Ә) ана

Б) бала

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау