Қазақ әдебиеті на казахском

Молда Мұқан Балтекейұлы

физика

СЫР БОЙЫНЫҢ АҚЫНЫ

Сырдың елі – жырдың елі. Сыр өңірі қашаннан –ақ ақын, жыраулар мен шайырлардан, данышпан би-шешендерден қалған асыл мұраларды көздің қарашығындай сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Мен сол ақындардың ішінен Молда Мұқан Балтекейұлы шығармаларының ең құнды үлгілерін назарларыңызға ұсынбақпын.

Молда Мұқан Балтекейұлы қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданының Телікөл деп аталатын жерін жайлап, қоныс еткен Найман тайпасының Шоштан аталығына жататын рудан, 1873жылы дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол кісінің туған-туыстары осы ауданның Ленин атындағы Ұжымшардың “Алғабас” деп аталатын аулында тұрады. Ақын 1916 жылы Қырғызтан, Өзбекістан елдерінің жерлерінде Қазақ ауылдарын аралап жүрген кездерінде дүние салған.

Мұқан он жасынан ауыл молдасынан оқып, Түркістан қаласында, Шорнақта оқып, білімін жалғастырған. Сондай – ақ өз бетінше оқып білім алуды дәстүрге айналдырғаны, оның білімге ынтық, құштарлығы, шығыс әдебиетін көп оқып сол үлгіде өлеңдер, толғаулар жазғаны ел арасындағы аңыз – әңгімелерде көп айтылады.

Мұқан жастарды оқу, білім, өнер игеруге шақырып, олардың келешек жағдайларын ойластыру туралы көп пікірлер айтқан. Бір толғауында :

Елеңдеп назар салмайсын

Жан- жағындағы дүбірге,

Қол ұрған жұрт озып тұр,

Ғылым менен білімге.

Қатардан кейін қалған соң,

Не қажет тірі жүруге!

– деп сөз қадірін жете білген, ақыл – парасаты мол, ақын екендігін танытады.

Мұқан қазақтың ауыз әдебиетіне нұсқалы сөз, парасатты ақыл-ой қалдырған ақындардың бірі болып саналады. 1908 – 1915 жылдары жеті жылға созылған Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Нақып Қожалардың өлеңмен айтысқан үлкен айтысына, сол кездегі Ақмешіт – Перовск уезіне қарасты елдердің атақты ақын саңлақтарының аралық сөз өлең жазғандары тарихи деректерден белгілі . Аралық сөз айтқан жазушылар Пана елінен Кеңесбай, Жапбас елінен Апбаз, Керейт елінен Даңмұрын, Арғын елінен Мансұр ақын, Кете елінен Тұрмағанбет Ізтілеуов, Найман елінен Молда Мұқан Балтекейұлы сияқты ақындар болған. Молда Мұқанның аралық сөзінде:

Құрметті, екі Жүсіп, бектеріме,

Көңіл дос, ғайып ана тектеріме

Әр сөздің алтынынан іреу ашқан,

Зейінді сөз иесі зергеріме!

Екеуіңіз екі жұрттың ұстынындай,

Қадірлі халық иесі ерлеріме .

Һәм тірілік абыройыңызға дұғадамын,

Мұштақпын жүздеріңді көрмегіме.

Аман ба, мал – жаныңыз, халық- еліңіз?

Сатпаймын, көрмесем де, көргеніме .

Жазушы – бір кәмина, қалыс ағаң,

Сіз қанық болған жоқсыздар ж ө ндеріме.

Балтекей – атам есімі, атым Мұқан,

Хабарым мақұл көрдім бермегіме .

Болысы Телікөлдің қазағымын,

Найман деп ат қойылған елдеріме.

Екі ұстың асылғалы создым қолды,

Өзімнің назар салмай кем жеріме! / 1. 280 бет /

деп зор мәнді тоқтау жазған Мұқан – ақындардың бел ортасында болған ақын.

Есенғабыл, Есенбек,

Жаралған соң анадан,

Қыдыр дарып, бақ қонып,

Туғаннан құдай қалаған.

Басқаша болды жұмысың,

Өзің теңдес баладан.

Он жасында сөз тыңдап,

Үлгі алдың жақсы данадан.

Он бес жасқа келгенде,

Қабырға халық сынаған .

Дариядай тасып, тау бұзған,

Асып кетті қанадан.

Хандармен бағаң тең болды,

Тусаң да баста қарадан .

Ердің құны болса да,

Бір сөзің менен тараған.

Мал айдадың, май шайнап,

Жайлау алдың саладан .

Қандай еді, батыр – ай,

Қатарындағы бар адам?

Кедей, бай бірдей мас еді

Шалқыған қайран заманнан.

Батыр,сізге шамасыз

Бақытты құдай бергені.

Ол кездегі халықтың

Кеңшілік болды көргені,- /2/

деп Молда Мұқан Қыр елінде батырлықтарымен, жақсы қасиеттерімен аттары шыққан Қырық деген кісінің ұлдары Есенбек пен Есенғабылға арнап шығарған толғауы тарихи дерек, мағлұматтар беретін шығармалар қатарында саналады. Ақынның шығармалары өз заманының озық ойлы, адамның өрісін жоғары көрсететін шығармалар. Ел аузында, жұрт қолында жүрген мұрасын азды – көпті жинақтап, қалың оқырман жұртшылыққа ұсынып отырмыз.

Ақын заман жайы, халық болашағы туралы жырлағанда, ең алдымен өмірдегі сан қилы әділетсіздіктерді, ұрлық – қарлықты қолдаушы, парақор би – болыстарды аяусыз сынап әшкерелейді. Ол осы орайда :

Ұйқы –тұйқы бір заман,

Өткіздік ғұмыр ғапылдан

Дүние болды бір түрлі,

Адал мен арам аралас.

Қосылып судай сапырған

Неше көлдер су болып,

Бітірген жұмыс бізде жоқ

Шөп шықты көлсіз тақырдан.

Партияменен шартылған.

Жақсы деген адамның

Аз ғана пұлға сатылған

Биге пара таппасаң.

Айрылдың пақыр ақыннан

Байдан қайыр тоқталып,

Қанағат кетті пақырдан

Кім бай болса кетті ата ұлдан

Қазағым, күнің қараң-ды.

Адастың жұртым ақылдан!

Адаспай енді қайтерсің

Сорғалатып қаныңды

Жеп жатыр тартып тақымнан! – деп қорытады. / 2 /

Молда Мұқан белгілі айтыс ақыны да, ол Шымкент қаласында Нұралы ақынмен айтысады. Нұралы өзінің кәрілігіне қарамай найманның жас қызы Бөпежанға өлеңмен сөз салады. Бұған найман жағы намыстанып, ақыры екі ақын бетпе-бет жолығып айтысады. Нұралы кешегі ашаршылық, қиыншылық жылдары атамекенінен ауып келген қарсыласының еліне тіл тигізуге дейін барады, ең ақыры әдепсіздікпен Молда Мұқанға кезек бермей қояды, тіпті айтыс шартын бұзуға дейін барады. Мұны сезген халық Мұқанның Нұралыны жеңгенін жұртқа мәлім етеді.

Мұқанның мұрасы осымен түгелденді деп айта алмаймын. Ел арасында маржандай шашылып жүрген жырлары баршылық. «Досыма», «Қалқама», «Ойланыңдар», «Халқыма», «Парасатсыздарға» тағы басқа көптеген жырлары халық аузында жүр.

Досыма

Азырақ сөйлейтін сөз тіл де болса

Досың сол тарыққанда бірге болса

Алтынның қара тастан бағасы артық,

Қаншама жатып жерде кір де болса

Кей адам баға тауып пұл ала алмас

Қолына ұстағаны дүр де болса

Әрқашан теріс те болса сенікі жөн

Бақ дәулет қатарынан кімге қонса ! /2 /

Қалқама

Ал, қалқа, жаздым өлең құлағын сал,

Айтсам сөз жанабыңа жадыңа ал

Наданға айтылған сөз әсер қылмас

Ит білмес ләззатты ішкенмен бал.

Болмайды қасқырменен түлкі жолдас,

Өз теңін әркім тапса күлкі болмас

Көресіз бұл сөзімді әлде қандай

 

Ещё по теме

  1. Урок 40. Этическая основа культуры Новорожденные везде плачут одинаково. Когда же они вырастают, у них оказываются неодинаковые привычки. Это – результат воспитания. Сюнь-цзы Цели: ознакомить с основными понятиями темы; развивать умение самостоятельно получать, систематизировать, анализировать информацию из различных источников; воспитывать духовность, сознательное стремление к самосовершенствованию. Ход урока I. Организационный момент II. Изучение нового материала План 1. Этическая основа культуры. 2.… Поурочные планы по обществознанию 11 класс
  2. Урок 8 1. Легкая атлетика: кросс 2 км; прыжки в высоту с/р; бег 100 м; скакалка – зачет. 2. Баскетбол: передача и ловля мяча. Урок 8 1. Легкая атлетика: кросс 2 км; прыжки в высоту с/р; бег 100 м; скакалка – зачет. 2. Баскетбол : передача и ловля мяча. Задачи: Развитие основных физических качеств. Сдать зачет – скакалка. Обучение прыжкам в высоту. Совершенствование н/старта. Обучение передачам и ловле мяча в баскетболе. Инвентарь: оборудования для прыжков в высоту с/р, скакалки,… Поурочные планы
  3. Урок 79. ЧТЕНИЕ СЛОВ С ИЗУЧЕННЫМИ БУКВАМИ (повторение) Урок 79. чтение слов с изученными буквами (повторение) Цели: закрепить знания учащихся об изученных буквах; развивать речь, память, логическое мышление. Оборудование: учебник, предметные картинки, магнитная доска, буквы и слоги. Ход урока I. Мобилизующая часть урока. II. Закрепление опорных знаний. Игра «Буква потерялась». На магнитной доске выставляются слова, в которых не хватает одной буквы. _алва, _леб,… Поурочные планы по обучению грамоте 1 класс Атамура
  4. Урок 79. Умножение многочлена на многочлен Тема: Умножение многочлена на многочлен. Цели урока: повторить и закрепить правила умножения одночлена на многочлен, умножение многочленов; проверить умение учеников находить произведение многочленов. В течение урока развивать у учеников умение находить произведение многочленов. Ход урока: 1. Организационный момент. (2 мин.) 2. Индивидуальная работа. (8 мин.) Четверо учеников выходят к доске для работы с карточками. Карточка… Поурочные планы по алгебре 7 класс
  5. Урок 79. СЛОВА С ДВУМЯ БЕЗУДАРНЫМИ ГЛАСНЫМИ В КОРНЕ Цель: помочь понять, в чем своеобразие проверки слов с двумя безударными гласными в корне. Ход урока I. Организационный момент. II. Проверка домашнего задания. – Прочитайте предложения о ели и сосне. Назовите буквы, которые вы подчеркнули. Обоснуйте свой ответ. III. Минутка чистописания. На доске записаны слова: сладкий, сосна, отлетел. – Назовите букву, которую мы будем писать… Поурочные планы по русскому языку 3 класс
  6. Урок 79. Итоги контрольной работы Цели: сообщить результаты работы; рассмотреть типичные ошибки; разобрать трудные задачи. Ход урока I. Сообщение темы и целей урока II. Итоги контрольной работы III. Ответы и решения Вариант 1 1. х = arctg 1,5 + πn (где n ∈ Z). 2. Промежутки возрастания (-∞; -5] и [1; ∞), промежуток убывания [-5; 1], хmах = -5 и… Поурочные планы