Менің пәтерім. Зат есім

0
826

Сабақтың тақырыбы: Менің пәтерім. Зат есім

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

зат есімді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: зат есімді меңгеру, пәтері жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-2- тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Суреттер бойынша «Менің пәтерім» тақырыбында әңгіме құрау.

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей.

1. «Пәтер» сөзіне фонетикалық талдау.

2. «Менің пәтерім» тақырыбына бірнеше сөйлемдер құраңыз.

ІІ деңгей

1. Берілген сөздердегі үндестік заңын көрсетіңіз.

2. «Менің пәтерім» тақырыбына диалог құрыңыз.

І деңгей

1. Берілген сөздерге үндестік заңын сақтай отырып, қосымша жалғаңыз.

2. «Менің пәтерім» тақырыбына әңгіме жазу.

Ережемен жұмыс

Зат есім.

Заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы зат есім деп аталады. Сұрақтары: кім? не?

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Менің болашақтағы пәтерім» тақырыбында әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау