Менің елім – Қазақстан. Негізгі және туынды зат есім.

0
1034
литература

Сабақтың тақырыбы: Менің елім – Қазақстан. Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

негізгі және туынды зат есімді түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: негізгі және туынды зат есімді меңгеру, Қазақстан жөнінде өз

пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Отан туралы мақал – мәтелдерді жатқа сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Диалогты толықтырып, тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар.

2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер, суреттегі қала туралы айтыңдар.

3 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Мына сөздерді дұрыс айтуға жаттығыңдар:

ескерткіш, алаң, ғимарат, даңғыл, кітапхана

2. Осы сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап жазыңдар.

ІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер. Тәуелдік жалғауын табыңдар.

1. Сенің қалаңда қандай үйлер бар?

2. Сенің ауылыңда қандай ескерткіш бар?

3. Сен тұратын көшеңде мұражай бар ма?

І деңгей

1. Қалаңдағы (ауылыңдағы) мұражайдың тарихын айтып беріңдер.

Ережемен жұмыс

Зат есім тұлғасына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. негізгі зат есім: мектеп, Отан, т.б.

  2. туынды зат есім: білім, әнші, т.б

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

4 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау