Сабақтың тақырыбы : Менің досым. Жатыс септігі
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
жатыс септігі жалғауын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,
достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: септік жалғауын меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Менің досым» тақырыбына жазған әңгімелерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Менің досым» мәтінін оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей.
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын орысша айтып беріңдер.
2. Құрбы, мұғалім, бала, сынып, кітап, дос сөздеріне көптік жалғауын жалғаңдар.
ІІ деңгей.
1. «Менің досым» мәтінінің мазмұнын айтып беріңдер. Мәтіндегі кім? не? сұрақтарына жауап беретін барлық сөздерге көптік жалғауын жалғаңдар.
2. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңдар.
І деңгей.
1. Қазақ тіліндегі жалғауларды басқа тілдерден кездестіруге бола ма? Мысал келтіріңдер.
2. Ең жақын досыңды тап, ол басқа достарыңа қарағанда несімен ұнайды?
2 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.
Ережемен жұмыс
Шығыс септігінің сұрақтары: кімнен? неден? қайдан?
Жалғаулары: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. Мысалы: оқушыдан, көшеден, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
3-тапсырма (Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қойып көшіріп жазу, мәтін
бойынша өз ойларын айту)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау