Менің ауылым. Қаратпа сөз.

0
793
информатика

Сабақтың тақырыбы: Менің ауылым. Қаратпа сөз.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

қаратпа сөзді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: қаратпа сөзді меңгеру, өз ауылдары туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модульді қайталап, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз ауылдарың туралы әңгімелеңдер.

1. Сенің ауылың қалай аталады?

2. Ол қайда орналасқан?

3. Ауылыңның табиғаты қандай?

4. Қасында өзен бар ма?

5. Тау бар ма?

2 – тапсырма. Сөздерді мәнерлеп оқып, олардан әр түрлі сөз тіркестерін құраңдар.

3 – тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемдерді қаратпа сөздермен толықтырыңдар.

1. Екеуміз ауылға барайық.

2. Ауылдың табиғаты қандай тамаша!

3. Сен өзенге барасың ба?

4. Бүгін тауға шығамыз ба?

5. Орманға жидек теруге барамыз.

Ережемен жұмыс

Қаратпа сөз – біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер. Ол сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келеді. Мысалы:

1. Балалар, сабақтарыңды оқыңдар.

2. Сабақтарыңды, балалар, оқыңдар.

3. сабақтарыңды оқыңдар, балалар.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Қаратпа сөздері бар 5 сөйлем жазу.

«Менің қиялымдағы ауыл» тақырыбына сурет салу және әңгімелеу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь