Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек? Септеулік шылау

0
736
литература

Сабақтың тақырыбы: Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек?

Септеулік шылау

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

септеулік шылауды түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, «Кубизм» әдісі

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: септеулік шылауды меңгеру, Отан жөнінде өз

пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Мәтінді мазмұндау

«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру

  1. Біздің Отанымыз

  2. ҚР астанасы қай қала?

  3. Қазақстан қандай мемлекет?

  4. ҚР мемлекеттік рәміздері

  5. ҚР тәуелсіздікті қашан алды?

  6. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақ

астанасын мемлекеттік рәміздерін ұлттық валютасын

Ата Заңын Мемлекетіміз туралы ұлт өкілдерін

не білуіміз керек ?

Президентін тәуелсіздігін табиғатын

(тірек-сызбаның көмегімен әңгіме құрау)

1 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден зат есімдерді тауып, түрін ажырату.

2 – тапсырма. «Қазақстанның мемлекеті» диалогын оқып, жалғастырыңдар. Зат

есімдерді тауып, түрін ажыратыңдар.

3 – тапсырма. Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріңдер.

Ережемен жұмыс

Шылау

Грамматикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі болмайтын сөз табы шылау деп аталады.

Мағынасына қарай 3 түрге бөлінеді:

1. Септеулік шылау

Атау септік

Барыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік

Үшін, арқылы, сияқты,сынды, тәрізді, туралы, жайында, жайлы, қаралы, шамалы, сайын

Дейін, шейін, жуық, тарта, қарай, таман

Соң, әрі, бері, кейін, бұрын

Қатар, бірге

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Отан туралы бес мақал – мәтел жаттау. Септеулік шылауға бес сөйлем құрау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау