Сабақтың тақырыбы: Мектеп ғимараты. Синоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
синонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: синонимдерді меңгеру, мектеп ғимараты жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3-4 тапсырманы сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлесуді толықтыру.
– Сенің мектебіңнің ғимараты қандай?
– … .
– Биыл қандай жөндеу жұмыстары жүргізілді?
– … .
2 – тапсырма. «Мектеп ғимараты» мәтінін оқып, сұрақтар құраңдар.
3 – тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, сөйлем құраңдар.
Қайратты, кең, өмір, мереке, жасау, дайындау, бірінші
Бес жолды өлең
1. Зат есім – мереке
2. Сын есім – алғашқы, халықаралық
3. Етістік – тойланады, дайындалады, өткізіледі
4. Сөйлем – Білім күні мерекесі 1 қыркүйекте тойланады.
5. Синоним – мейрам, думан, той
Ережемен жұмыс
Синоним сөздер – мағыналары бірдей сөздер.Мысалы: ат – есім – ныспы; мұғалім-ұстаз-оқытушы; оқушы-шәкірт; әдемі-сұлу-әсем, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Венн диаграммасы Сұрақ: Мектеп ғимараты қандай?
Өткен жылы Биылғы жыл
V. Үйге тапсырма
«Болашақтағы мектеп ғимараты» тақырыбына әңгіме жазу.
Өздері іздеп, 5 синонимдік қатар табу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау