Мектеп демалысы. Диалог.

0
686
биология

Сабақтың тақырыбы: Мектеп демалысы. Диалог.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

диалогты түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: диалогты меңгеру, мектеп демалысы туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Модуль бойынша өткенді қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Мектеп демалысы» мәтінімен топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды

3. мәтінді мазмұндайды

4. мәтіндегі қиын және тірек сөздерді табады

2- тапсырма. Берілген диалогты өзің, кейін көршіңмен оқып, мағынасын түсіндір.

Үлгіге қарай отырып, өзің диалог құрастыр.

3 – тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы диалог құрастыр.

Ережемен жұмыс

Диалог – екі немесе одан да көп адамның сөйлескен сөзі. Мысалы:

– Сен жазда қайда барасың?

– Мен жазда атам мен әжеме барамын.

– Олар қайда тұрады?

– Олар ауылда тұрады.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1-тапсырма («Мектеп демалысы» мәтінін мазмұндау).

Өздері таңдаған тақырыпқа диалог құрау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау