Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар. Етістік.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
етістікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: етістіктерді меңгеру, ұлттық ойындар туралы өз ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген модульді қайталап, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Диалогты оқыңдар.
2 – тапсырма. «Ұлттық ойындар» мәтінімен топтық жұмыс.
Мәтінді оқу
Мәтін бойынша сұрақтар құрау
Мәтінді мазмұндау
Мәтіндегі тірек сөздерді табу
Қосымша тапсырма. Бір зат есім мен етістікті жіктеу
Ережемен жұмыс
Етістік – іс-қимылды білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не істеді? қайтті?
Мысалы: жүгірді, ойнады, т.б. Етістік сөйлемде, негізінен, баяндауыш болады.
Жіктік жалғауы Жекеше
І жақ. –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін : оқушымын, дәрігермін, айтамын
ІІ жақ. –сың, -сің : оқушысың, дәрігерсің, айтасың
– сыз, – сіз: оқушысыз, дәрігерсіз, айтасыз
ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушы, дәрігер, айтады
Көпше
І жақ. –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз: оқушымыз, дәрігерміз, айтамыз
ІІ жақ. – сыңдар, -сіңдер: оқушысыңдар, дәрігерсіңдер, айтасыңдар
сыздар, – сіздер: оқушысыздар, дәрігерсіздер, айтасыздар
ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушылар, дәрігерлер, айтады
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2 – тапсырма («Ұлттық ойындар» мәтінін мазмұндау). Бір зат есім мен етістікті жіктеу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау