Логопедия Сынып:3 “Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. “

0
2067
явления

№15
Сынып:3 «г» (I топ) Мерзімі: 12.11.2015
Пән: Логопедия Сабақтың тақырыбы:Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты:
I. Білімділік:
1. Дыбыс және әріп. Дауысты мен дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту.
2. Дыбыс және әріп. Дауысты мен дауыссыз дыбыстар туралы тапсырмалар арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
II. Түзету – дамыту:
1. Ақыл – ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу;
2. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Артикуляциялық тіл жақтарын, жалпы және кіші моторикасын дамыту.
II.Тәрбиелілік:
1. Әсемдікке,елдікке,елжандыққа,бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу;
2. Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Топтық және жеке.
Сабақтың көрнекілігі: Әліппе кестесі мен әріп карточкалары, қолданбалы айналар, А4 қағаз, қызыл және көк пластилин, массажды доптар, лексикалық тақырыбына арналған суреттер мен сөздер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Сергіту сәті:
Артикуляциялық жаттығулар: «Күлемдеу», «Бегемот», «Сағат», «Сылақшы», «Кәмпитті тығу».
Саусақ жаттығулар: «Серіппе», «Отбасы санамағы », «Массажды допты айналдыру», «Шапалақтау».
Тыныс алу жаттығулар: «Дем алу – дем шығару», «Дыбыстарды созу», «Біркелкі дем алу».
III. Дайындық кезеңі. Әр оқушы әріп карточкаларын, әліппе ретімен қойып шығады да, дауысты мен дауыссыз дыбыстардың түрлеріне бөліп айтады. А4 ақ қағазда жуан дауысты дыбыстар жазылған, оқушылар оның үстіңе қызыл пластилинмен жабыстырады.
IV. Жаңа сабақ.
Дауысты дыбыстар – созылып, ег кедергісіз айытлатын дыбыстар.Дауыссыз дыбыстар – тіл, ерін, тіс кедергі арқылы айтылатын дыбыстар.
Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар
Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді
А о ы ұ (у)
Е,

V. Негізгі бөлім.
1. Сөздердің дыбыс – әріп анализ бен синтез.

2. Сурет пен сөзді байланыстыр. (Ауызша)
3.Жұмбақтарды шешу. (Ауызша)
4. Берілген сөздерді тап (→↓)
Қ А Т А С Н Б
Ә Ш Ү Ң Ә Е П
Ж Л А Н А М І
Е У Ә Д А Е Н
Ғ Ұ К Қ Ғ Р І
Е Х Е О А Е Р
С І Ң Л І С А
Ата
Әже
Әке
Ана
Аға
Сіңлі
Немере
Іні
Сергіту сәті.
VI. Дәптермен жұмыс. Топтық тапсырма: Мұғалім – логопед кестедегі зат есімдерін жалқы мен жалпы зат есімдерін топтарға бөліп,тақтаға ілінеді,оқушылар керекті сөздерін қояды.
Жалқы зат есім Жалпы зат есім
Адамның
аты – жөні Жануарлар
дың аты Қала
атаулары Жер – су
аттары Кісінің жалпы атау Жануарлар Заттар мен құралдар

Жеке тапсырма:
Ардақ: «Жанұя» мүшесінің құрамына аудармасын тауып жазу.
Ата – Ана – Әпке –
Әже – Аға – Сіңлі –
Әке – Қарындас – Іні –
Амир: «Жанұя» мүшесінің құрамына аудармасын тауып жазу.
VII. Үй жұмысын тексеру.
VIII. Сабақтың қорытындысы. Сыйлықтармен мараппатау. Үй тапсырмасы. Көркем жазу дәптер №2 3,4 бетті жазып келу. Сюжетті суреттегі «Жанұя» туралы шағын шығарма жазу. Логпедия