Хайуанаттар бағында. Сұрау есімдігі.

0
724

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында. Сұрау есімдігі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сұрау есімдігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сұрау есімдігін меңгеру, хайуанаттар бағында туралы өз ойларын

айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2-3 – тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Суретке қарап, кестені толықтырыңдар.

Кім?

Қашан?

Қайда?

Нелерді?

Не істеді?

2 – тапсырма. Жаңылтпаштарды оқыңдар, дұрыс айтуға жаттығыңдар.

Біл, бұл – піл, Бұл – бір ірі піл.

3- тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Есімдік деген не?

2. Сөйлемдерден есімдіктерді тауып, түрін анықтаңдар.

ІІ деңгей.

1. Есімдік туралы толық мәлімет беріңдер.

І деңгей.

1. Есімдіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын көрсетіңдер.

Ережемен жұмыс

Сұрау есімдіктері: қайда, қашан, қалай, кім, не, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

2 – тапсырма (Жаңылтпашты жаттау). 3 – тапсырма (2-3 тапсырмалар)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау