Есеп және оны шығару.

0
608

61 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп және оны шығару.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың есеп шығару және қосынды мен қалдықты таба алу дағдыларын қалыптастыру, есептің қысқаша жазылуы мен шешуін дәптерге жазуды үйрету.

2..Сандарды дұрыс санап, таңбалай білу, есепті шығаруды толық меңгерту, азайту, қосу амалының құрамын білу, геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету.

3.Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Өздігінен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, ой ашар, ой қозғау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ребустар, геометриялық фигуралар.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн, болсын!

Сейсенбінің күні сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Ұранымыз: «Білікті бірді жығады.

Білімді мыңды жығады».

ІІ.Ой ашар (сұрақ -жауап)

Қандай сабақ болып жатыр?

-Математикадан нені оқып үйренеміз?

-Бүгін қандай күн?

-Аптада неше күн бар?

-Апта күндерін ата.

-Қосу амалының құрамын ата.

-Азайту амалының құрамын ата.

ІІІ. Ойна да, ойла. «Кім жылдам?» ойыны

9 -9 4+4 7+0 10-5

2+3 3+3 6-0 9-2

3+5 6-2 8-6 4+5

ІV. Ой қозғау (ауызша талдау +дәптерге орындау)

№1-101 бет

1.Берілген сурет бойынша есеп құрастыру.

2. Сандардың құрамы : 6, 7, 5,

V.Дәптермен жұмыс № 1-41 бет

VI. «Ой дамыту» Шығармашылық тапсырмалар. №3,№4-42-43 бет

VII. Қорытынды.