Еріген заттың белгілі массалық үлестері бар заттың ерітінділерін дайындау.

0
915

Сарамандық жұмыс №6 .

№5 сабақтың тақырыбы: Еріген заттың белгілі массалық үлестері бар заттың ерітінділерін дайындау.

Мақсаты: Оқу үрдісінде алған білімнің нәтижесін ерітінділер даярлауда іске асыру. Өлшеу, есептеу дағдыларын дамытып, белгілі концентрацияда ерітінді йындау іскерлігін қалыптастыру.

Құралдар мен реактивтер: 50мл,25 мл, 100 мл көлемдегі стақандар, шыны таяқша, таразы, гирлер,қалақша, өлшегіш цилиндр, өлшемі бар құтылар 25 мл,50 мл,100 мл.

1.Заттың массалық үлесі көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау;

1. Заттың массалық үлесі көрсетілген ерітіндіні дайындау үшін тиісті тапсырманы мұғалімнен ал.

2. Есептің шарты бойынша қажетті тұздың массасын және судың көлемін есепте;

3. Таразыға тұзды өлшеп конусты құтыға сал ;

4. Дистилденген судың қажетті көлемін ал (сұйықтықтың көлемін өлшеу ереже сін есіңе түсір) және оны конусты құтыдағы тұздың үстіне құй;

5. Конусты құтыдағы тұз ерігенше араластыр;

6. Е септі төменде берілген үлгіде жазып шығар;

1-есеп. Массалық үлесі 5%-дық ас тұзының 50 грамм ерітіндісін дайында.

2-есеп. Массалық үлесі 5%-дық ас тұзының 25 грамм ерітіндісін дайында.

3-есеп. Массалық үлесі 10%-дық ас тұзының 10грамм ерітіндісін дайында.

Берілгені: Шешуі: ; m(су) = mерітінді·mтұз

ω(%)= ___________________________________________________

mерітінді(г)= ___________________________________________________

_____________ ___________________________________________________

Табу керек: ___________________________________________________

_________________________________________________

Жауабы:___________

2. Мольдік концентрациясы көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау;

1. Мольдік концентрациясы көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау үшін тиісті тап сырманы мұғалімнен ал.

2. Заттың мольдік концентрациясы көрсетілген ерітіндіні дайындау үшін тұздың массасын және судың көлемін есепте;

3. Тұздың қажетті массасын өлше және құтыға сал;

4. Құтыға аз ғана су құй, тұзы толық ерігенше араластыр. Содан соң қажетті белгісіне дейін құтыға су құй.

5. Есепті төменде берілген үлгіде жазып шығар;

1-есеп. Мольдік концентрациясы 0,2 моль/л 50мл ас содасының ерітіндісін дайында.

2-есеп. Мольдік концентрациясы 0,5 моль/л 50мл ас содасының ерітіндісін дайында.

3-есеп . Мольдік концентрациясы 0,1 моль/л 50мл ас содасының ерітіндісін дайында.

Берілгені: Шешуі: CM = ; ;

Vер(мл)= _____________________________________________________

C(моль/л)= _____________________________________________________

_______________ _____________________________________________________

Табу керек: _ ____________________________________________________

mтұз(г)=? _____________________________________________________

_____________________________________________________

Жауабы:___________

Есте сақта !!!

Мольдік концентрация 1 литр ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады.

Мольдік концентрацияның өлшем бірлігі – моль/л.

Назар аудар !!!

Өлшеуіш құтының мойнында ерітіндінің нақты көлемін шектейтін дөңгелек сақина болады. Бұл жоғарыдағы белгі сұйықтың құйылатын ең жоғарғы шегін көрсетеді.

Үйге тапсырма беру: Қайталау.

химия