Химия 8 класс на казахском

Еріген заттың белгілі массалық үлестері бар заттың ерітінділерін дайындау.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сарамандық жұмыс №6 .

№5 сабақтың тақырыбы: Еріген заттың белгілі массалық үлестері бар заттың ерітінділерін дайындау.

Мақсаты: Оқу үрдісінде алған білімнің нәтижесін ерітінділер даярлауда іске асыру. Өлшеу, есептеу дағдыларын дамытып, белгілі концентрацияда ерітінді йындау іскерлігін қалыптастыру.

Құралдар мен реактивтер: 50мл,25 мл, 100 мл көлемдегі стақандар, шыны таяқша, таразы, гирлер,қалақша, өлшегіш цилиндр, өлшемі бар құтылар 25 мл,50 мл,100 мл.

1.Заттың массалық үлесі көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау;

1. Заттың массалық үлесі көрсетілген ерітіндіні дайындау үшін тиісті тапсырманы мұғалімнен ал.

2. Есептің шарты бойынша қажетті тұздың массасын және судың көлемін есепте;

3. Таразыға тұзды өлшеп конусты құтыға сал ;

4. Дистилденген судың қажетті көлемін ал (сұйықтықтың көлемін өлшеу ереже сін есіңе түсір) және оны конусты құтыдағы тұздың үстіне құй;

5. Конусты құтыдағы тұз ерігенше араластыр;

6. Е септі төменде берілген үлгіде жазып шығар;

1-есеп. Массалық үлесі 5%-дық ас тұзының 50 грамм ерітіндісін дайында.

2-есеп. Массалық үлесі 5%-дық ас тұзының 25 грамм ерітіндісін дайында.

3-есеп. Массалық үлесі 10%-дық ас тұзының 10грамм ерітіндісін дайында.

Берілгені: Шешуі: ; m(су) = mерітінді·mтұз

ω(%)= ___________________________________________________

mерітінді(г)= ___________________________________________________

_____________ ___________________________________________________

Табу керек: ___________________________________________________

_________________________________________________

Жауабы:___________

2. Мольдік концентрациясы көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау;

1. Мольдік концентрациясы көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау үшін тиісті тап сырманы мұғалімнен ал.

2. Заттың мольдік концентрациясы көрсетілген ерітіндіні дайындау үшін тұздың массасын және судың көлемін есепте;

3. Тұздың қажетті массасын өлше және құтыға сал;

4. Құтыға аз ғана су құй, тұзы толық ерігенше араластыр. Содан соң қажетті белгісіне дейін құтыға су құй.

5. Есепті төменде берілген үлгіде жазып шығар;

1-есеп. Мольдік концентрациясы 0,2 моль/л 50мл ас содасының ерітіндісін дайында.

2-есеп. Мольдік концентрациясы 0,5 моль/л 50мл ас содасының ерітіндісін дайында.

3-есеп . Мольдік концентрациясы 0,1 моль/л 50мл ас содасының ерітіндісін дайында.

Берілгені: Шешуі: CM = ; ;

Vер(мл)= _____________________________________________________

C(моль/л)= _____________________________________________________

_______________ _____________________________________________________

Табу керек: _ ____________________________________________________

mтұз(г)=? _____________________________________________________

_____________________________________________________

Жауабы:___________

Есте сақта !!!

Мольдік концентрация 1 литр ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады.

Мольдік концентрацияның өлшем бірлігі – моль/л.

Назар аудар !!!

Өлшеуіш құтының мойнында ерітіндінің нақты көлемін шектейтін дөңгелек сақина болады. Бұл жоғарыдағы белгі сұйықтың құйылатын ең жоғарғы шегін көрсетеді.

Үйге тапсырма беру: Қайталау.

химия

 

Ещё уроки серии

Все 69 уроков
  1. Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы.
  2. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.
  3. Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі. (молярлық концентрация)
  4. Зат массасының сақталу заңы
  5. Зат мольшері, Моль, Авогадро саны, Молярлық (мольдік) масса.
  6. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.
  7. Иондық байланыс.
  8. Кристалл торлары.
  9. Негіздердің жіктелуі, аталуы, алынуы мен химиялық қасиеттері.
  10. Негіздердің құрамы және жіктелуі. Негіздердің химиялық қасиеттері және қолданылуы.

Химия в 8 классе

Все предметы 8 класса