Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы. «Отаным – тағдырым».

0
1029

«№1 негізгі мектеп» КММ
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
білім бөлімі»ММ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы.
«Отаным – тағдырым».

Қазіргі қоғамда ерекше талқылауға ие болып жатқан түсініктердің бірі – «Рухани жаңғыру» ұғымы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық кодтан айырылып қалмай,оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Мақаланың негізгі өзегі – ұлт мәселесі. Материалдық құндылықтар бірінші қатарға көтерілген қоғамда енді «ұлттық құндылық» деген түсінік өзекті дүниеге айналды. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, заңы берік, тәртібі мықты ел ғана алға озады.Еліміздің әрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Біздің мақсатымыз бүгінгі қоғамды ұлттық болмысымыздан алыстатпай , құқықтық сауаттылықты, тәрбиені, сананы жетілдіру.
Білім – үнемі қозғалыста, өзгеріп тұратын үдеріс. Осы үдеріс қазір еліміздің орта білім беру саласында қызу жүріп жатыр. Бұл қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі оқытудың талабы бойынша оқушы мен мұғалім жаңа әрекеттер мен қарым – қатынас нормаларын меңгеруге тәуелді. Мұнда басты мәселе білім емес, оны меңгеруге деген қабілеттілік, есте сақтау емес, ойлау дағдысының дамуы маңызды. Осы кездегі тұлғаның бойында болатын басты қасиет оқу үрдісіне белсенді қатысу, өзін – өзі оқыту, өзін де, өзгені де бағалай білуі және алға ұмтылуымен ерекшеленеді. Осыған орай білімге салынатын инвестиция мен адами ресурстарға мән берілуде. Адами ресурстар деп отырғанымыз – кадрлардың білім реформасына сай сапалы дайындығы. Реформа туралы сөз қозғағанда, жаңа жүйенің мәні туралы айта кеткенді жөн көрдім. Себебі жаңа мазмұндағы бағдарлама тұлғаның дамуына жұмыс істейді.Кез келген мұғалімнің сапалы сынақ тапсырмасын жасауға құзыреті мен біліктілігі жете бермейтіні ақиқат. Ол үшін мұғалім сапалы дайындықтан өтуі керек.
Білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіреді. Оқыту мен оқудағы тәсілдер, бағалау жүйесі жаңа арнаға ауысты. Оқушыларға жақсы білім мен тәрбие беру үшін мұғалім жаңа формация шарттарына сай болу керек. Ұстаз жоғары ой – өрісті бола алса шәкірттердің бақытты деп санаймын.Ұстаз жаңа көзқарасымен, серпімен, ізденіспен жұмыс істеулерінде үлкен қозғау салып, үнемі ізденісте жүру керек. Мен өз таңдаған мамандығымды құрметпен, игілікпен сыйластықпен қараймын. Бұл таңдаған жол оңайлықпен келмеген. Балаң күнімізден санамызға сіңген қадірлі ұғымдар бар. Ол ата – ана, ағайын – бауыр, жасы үлкендер, жасы кішілер…ұстаз. Қашанда «мектептің жаны – ұстаз» дейміз. Бұл – Ыбырай Алтынсариннің бізге берген өсиеті. Ұстаз өз Отанын құрметтейді, сүйеді. Үлкен азаматтарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Ұстаз бар күшін салып, оқушыларға бірдей білім мен тәрбие береді.
Мен, өз істейтін №1Негізгі мектебінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ұстаздар ұжымы мен оқушылар оң баға берді. Бұл бағдарлама бойынша мектепте тәрбиелі іс – шаралар: ашық сынып сағаттар, «21 ғасыр қолбасшысы» интеллектуалдық ойын,«Өлең сөздің патшасы» өлеңдер сайысы, «Мен патриоттпын» спорт сайыстары, «Мен өмір сүретін өлкем» викторина өткізілді. Осы «Рухани – жаңғыру» ұстанымдарын алға қарай дамыта отырып, болашақ ұрпаққа өз тәрбие мен білімімді, күш жігерімді аямай , солардың келешегі үшін бар білгенімді жинақтаған ой – санамдағы білімімді әрқашан жас ұрпаққа бағыттаймын. Бұл менің алға қойған басты мақсаттарымның бірі. Осы мақсаттарым жүзеге асып жатса, бұл менің өз Отаныма деген сүйіспеншілігім және қосқан үлесім.