2-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны.
Мақсаты:Екі таңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру; екі таңбалы сандарды оқу және жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, олардың орнына және ретіне қарай салыстырумен таныстыру.
І.Ұйымдастыру сәті
Көптен күткен қоңырау,
Соғылды, сабақ басталды.
Тексерейік түгендеп,
Дәптер, қалам, кітаптарды,
Сабағымыз басталсын,
Пайдасы оның көп болсын.
ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.
Мысалдарды шығарып, жауаптарын өсу ретімен орналастырып, шыққан сөзді оқу.
С 0+8 Т 70-50
Т 50-20 Ә 20-10
К 60+40 Л 40+10
І 20+20 І 90-30
СӘТТІЛІК!
-Сендер осы сандар туралы не айтар едіңдер?
-Сендердің жауаптарыңдағы ең үлкен сан қайсысы болды?
-Сендер 100 санын қалай сипаттар едіңдер?
ІІІ.Қайталау.Оқулықпен жұмыс
№1. Суреттерге қарап, ондағы сандарды қалай шығарып алғандары туралы қорытынды жасайды. Сол жақтан бірінші орында ондықтар, ал екінші орында бірліктер жазылады.
№2. Оқушылар өз жазуларын тақтада түсіндіре отырып орындайды.
№4.Дулат 10 дәптер, ал Самат одан 3 дәптер кем сатып алды. Самат неше дәптер сатып алды?
-Есептің сұрағы қандай?
(Самат неше дәптер сатып алды?)
-Бұл сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?
(Жоқ)
-Ендеше, тік төртбұрыштың ішіне сұрақ белгісін жазамыз.
(?) (1-сурет)
-Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек?
(Дулатта неше дәптер бар екені)
Осыны сызба нұсқаға белгілейік. (2-сурет)
(Азайту амалымен) (3-сурет)
Екінші есепте осы жолмен талданып, орындалады.
-Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
-Қандай қорытынды жасауға болады?
(Бір санның екінші саннан қанша артық не кем екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайтады.
Шығармашылық тапсырма.
Оқушыларға еркін талқылау ұйымдастырылады. (Жауабы: Екі доңғалақты велосипед-3, үш доңғалақты велосипед -1.)
№5. Тапсырманың 1,2,3 бағандарын тақтада орындайды.
Рефлексия.
№3. Кестені ауызша талдау.
Ойын: «Пойыз құрастыр»
Ойын шарты: Оқушылар паравоздардағы берілген сандарды өсу ретімен бір-біріне тіркеп, әр цифрының нені білдіретінін ажыратып айтады.