Әдепті балалар. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

0
1545

Сабақтың тақырыбы: Әдепті балалар. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

жуан және жіңішке дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: жуан және жіңішке дыбыстарды меңгеру, әдепті балалар жөнінде өз

пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Мектеп, ғимарат» сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сөйлесуді оқып, өзара сөйлесіңдер.

Сенің есімің кім?

Менің есімім – … . Ал сенің атың ше?

Менің атым – …

Сен қай мектепте оқисың?

2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Сөйлемнің сөздерін буынға бөліп, түрін ажыратыңдар.

3-тапсырма. «Әдепті балалар» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңдар.

Бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

4 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Ережемен жұмыс

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді:

  1. Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ

  2. Жіңішке дауыстылар: ә,і,ү,ө,е,э,и,у

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма («Әдепт балалар» мәтінін мазмұндау)

5 – тапсырма (сөйлем құрау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау